» » Қазақстанда ата-ана құқығынан не үшін айырылуы мүмкін?

Қазақстанда ата-ана құқығынан не үшін айырылуы мүмкін?

Фото: depositphotos.com
Егер ата-ана балаларына қамқорлық жасамаса, тіпті кейде ішкілікке салыну, зорлық-зомбылық көрсету секілді теріс әрекет жасаса, олар ата-ана құқығынан айырылады. Еліміздің заңнамасы бойынша ата-ананы құқығынан не үшін айырады? Ата-ана құқығын кім, қалай қайтарып ала алады? Massaget.kz тілшісі анықтады.
Ата-ана құқығынан не үшін айырылады?
  • Егер ата-ана өз міндеттерін орындаудан жалтарса, соның ішінде алимент төлеуден қасақана жалтарса;
  • Өз баласын перзентханадан, жетім балаларға арналған ұйымдардан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жататын және өзге де ұйымдардан дәлелсіз себептермен алудан бас тартса;
  • Ата-ана құқықтарын теріс пайдаланса;
  • Балаға қатыгездікпен қараса, оның ішінде оған физикалық немесе психикалық зорлық-зомбылық жасаса, оның жыныстық қол сұғылмаушылығына қастандық жасаса;
  • Құмар ойындарды, бәс тігуді, спирттік ішімдіктерді немесе есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және (немесе) олардың аналогтарын теріс пайдаланса;
  • Өз баласының, жұбайының не отбасының басқа мүшелерінің өміріне немесе денсаулығына қарсы қасақана қылмыстық құқықбұзушылық жасаса.
Ата-ана құқығынан қалай айырылады?
Ата-ананы құқығынан айыру - баланың ата-анасының бірінің немесе басқа заңды өкілдерінің, кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттер жүктелген органдардың немесе ұйымдардың өтініші бойынша, сондай-ақ прокурордың талап-арызы бойынша сот тәртібімен жүргізіледі.
Талап-арызға қоса берілуі тиіс қажетті құжаттар:
  • баланың туу туралы куәлігі (әке болуды анықтау туралы куәлік);
  • неке қию немесе бұзу туралы куәлік;
  • мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек (0,5 АЕК);
ата-ананың орынсыз мінез-құлқын көрсететін дәлелдер:
  • алимент өндіріп алу туралы сот шешімі;
  • алимент бойынша берешектің мөлшері туралы сот орындаушысының анықтамасы;
  • алкоголизм немесе нашақорлық бойынша есепте болғаны туралы анықтамалар;
  • алимент төлеуден жалтарғаны, балаға қатыгездік көрсеткені, зорлық-зомбылық көрсеткені және т. б. үшін
  • әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы құжаттар.;
  • қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қорытындылары.
Ата-ананы құқығынан айыру туралы істер прокурордың және қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қатысуымен қаралады.
Істі қарау кезінде сот ата-ана құқығынан айырылған ата-анадан балаға алимент өндіріп алу туралы мәселені шешеді.
Егер сот ата-ана құқығынан айыру туралы істі қарау кезінде ата-анасының іс-әрекетінде қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттің белгілерін тапса, ол оны жеке қаулымен прокурордың назарына жеткізуге міндетті.
Сот ата-ананы құқығынан айыру туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап 3 күн ішінде шешімнен үзінді көшірмені баланың туған жері бойынша тіркеуші органға және баланың тұратын жері бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға жіберуге міндетті.
Ата-ана құқығынан айырылудың салдары қандай?
Ата-ана құқығынан айырылған кезден бастап, балалары бар азаматтар үшін белгіленген жеңілдіктер мен мемлекеттік жәрдемақы секілді балаға қатысты барлық құқықтан айырылады.
Бірақ ата-ананың құқығынан айрылғаны, оны өз баласын асырау міндетінен босатпайды.
Құқығынан айырылған ата-ана мен баланың одан әрі бірге тұруы туралы мәселе сот тәртібімен шешіледі.
Ата-анасы ата-ана құқығынан айырылған бала тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын, сондай-ақ ата-анасымен және басқа туыстарымен туыстық дерегіне негізделген мүліктік құқықтарды, соның ішінде мұра алу құқығын сақтайды.
Баланы басқа ата-анаға беру мүмкін болмаған кезде немесе ата-анасының екеуінің де ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда бала қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қамқорлығына беріледі.
Ата-ана құқығынан айырылған ата-аналардың өтініші бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган, егер бұл балаға теріс әсер етпесе, баламен кездесуге рұқсат береді.
Ата-ана құқығын қалай қайтара алады?
Ата-ана құқығын қайта қайтаруға болады. Ол үшін ата-ана мінез-құлқын, өмір салтын және бала тәрбиесіне деген көзқарасын өзгертуі қажет. Ата-ана құқығын қайтару үшін ата-ананың өтініші бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылады. Ата-ана құқығын қалпына келтіру туралы істер ата-ананың, қорғаншы және қамқоршы органның қатысуымен қаралады.
Егер ата-ананың құқығын қайтару баланың мүддесіне қайшы келсе, сот баланың пікірін ескеріп, ата-ана құқығын қалпына келтіру туралы талап-арызды қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.
10 жасқа толған балаға қатысты ата-ана құқығын қалпына келтіру оның келісімімен ғана мүмкін болады.
Егер бала асырап алынса және бала асырап алу тоқтатылмаса, ата-ана құқығын қалпына келтіруге жол берілмейді.
08 қазан 2024 ж. 61 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 211

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 149

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 320

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930