» » Бүгіннен бастап елімізде не өзгереді

Бүгіннен бастап елімізде не өзгереді

Фото: Ашық дереккөз
2024 жылдың қазан айынан бастап ел азаматтарының өмірінде не өзгеретінін Egemen.kz сайтының материалынан оқыңыз.
АЭС бойынша референдум
6 қазан күні Қазақстанда республикалық референдум өтеді. Референдумда ел азаматтары АЭС салу мәселесі бойынша шешім қабылдайды. Қай сайлау учаскесінде дауыс беретініңізді referendum.gov.kz сайтынан біле аласыз.
Медицина қызметкерлерінің жауапкершілігін сақтандыру
Қазан айынан бастап елімізде дәрігерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру басталады. Денсаулық сақтау министрі 24 шілде күні тиісті бұйрыққа қол қойды. Жаңа ережеге сәйкес, денсаулық сақтау субъектілері медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру шартын жасайды.
Коллекторлардың жұмысы өзгереді
1 қазаннан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төлемдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды іске асыру шеңберінде әзірленген коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың берешегін реттеу қағидалары күшіне енеді.
Жедел жәрдем қызметіне қатысты бұйрық жобасын талқылау аяқталады
Қазақстан азаматтары 8 қазанға дейін Денсаулық сақтау министрінің жаңа бұйрық жобасына «мақұлдаймын» немесе «қарсымын» деп дауыс бере алады. Түзетулерге сәйкес, жеделдіктің 4-санатындағы қоңыраулар түскен кезде, яғни науқастың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнбеген жағдайларда жедел жәрдем бригадасы жұмыс күндері сағат 8:00-ден 18:00-ге дейін және сенбі күні түске дейін жұмыс істейді. 
Пойыз билеттері қымбаттайды
1 қазаннан бастап елімізде пойыз билеттері қымбаттайды. Ауа баптағышы жоқ вагондардың билеттеріне ұлттық тасымалдаушы 20%-ға дейін жеңілдіктер ұсынады. Тарифтердің көтерілуі қолданыстағы 140 бағыттың 62-сіне әсер етеді. Көлік министрлігі бұл көлік паркін жаңарту, көрсетілетін қызметті жақсарту және қызметкерлердің жалақысын көтеру үшін қажет екенін түсіндірген еді.
Жаңа тариф:
  • «Тальго» пойыздарының бағасы - шамамен 19 493 теңге;
  • Стандарт пойыздардағы купе құны - 19 653 теңгені;
  • Плацкарт – 12 871 теңгеге;
  • Қала маңына қатынайтын пойыз билеттері - 6314 теңге.
Бизнесті қолдау
4 қазаннан бастап бизнесті мемлекеттік қолдауға қатысты жаңа ережелер күшіне енеді. «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Үкіметтің тиісті қаулысы 17 қыркүйекте қабылданды. Олардың ішінде: кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық мөлшерлемені субсидиялау ережелері, несиелерге/қаржылық лизингке кепілдік беру ережелері, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған «Бәсекеге қабілеттілік» инвестициялық гранттарын беру ережелері бар.
Өңірлерде жылыту маусымы басталады
Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола облыстары мен Астана қаласында жылу беру маусымы басталып кетті. Енді 1 қазаннан бастап Абай, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында жылу беріледі. 
Жаңа мереке
2024 жылдың қазан айынан бастап ел азаматтары бірден үш жаңа мерекені атап өтеді. 1 қазан – Жоғары білім қызметкерлері күні және Радио күні, 14 қазан – Стандарттау қызметкерлерінің күні.
Демалыс
Электрондық үкімет сайтындағы ақпаратқа сәйкес, 25 қазанда Қазақстанда Республика күні тойланады. Бұл күн жұмаға сәйкес келетіндіктен, ел азаматтары үшін қосымша бір күн демалыс болмақ.
Бес күндік жұмыс аптасы бойынша жұмыс істейтін отандастарымыз үш күн қатарынан демалады:
  • 25 қазан, жұма – Республика күні, ресми демалыс;
  • 26 қазан, сенбі – әдеттегі демалыс;
  • 27 қазан, жексенбі – әдеттегі демалыс.
01 қазан 2024 ж. 124 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 257

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 357

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930