» » Қазақстанның үздік дәрігерлеріне 3 миллион теңгеден беріледі

Қазақстанның үздік дәрігерлеріне 3 миллион теңгеден беріледі

Елімізде дәрігерлерге арналған мемлекеттік және ведомстволық наградалар қарастырылып отыр. Бұл туралы Мәжілісте "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын таныстыру кезінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша, заң жобасы аясында "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері" бағыты бойынша жылына 3 атақ беріледі. Бұл тұрғыда 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем ұсынылып отыр. Сондай-ақ саладағы үздің маман атты республикалық конкурстың 17 жеңімпазына 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлем аударылады.
"Жыл сайын медицина қызметкерлерінің күнінде елімізде ең үздің дәрігерлер анықталады. "Үздің ауыл дәрігері", "Үздік жалпы практикадағы дәрігер", "Үздік хирург" және басқа да мамандарды анықтап келдік. Енді заң жүзінде үздік дәрігерлердің марапаты белгіленіп, оларға айылық есептік көрсеткіш арқылы сыйақы беріледі", - деді Ажар Ғиният.
19 қыркүйек 2022 ж. 430 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930