» » Қазақстанда әскерге шақыру жойылуы мүмкін бе? Қорғаныс министрлігі жауабы

Қазақстанда әскерге шақыру жойылуы мүмкін бе? Қорғаныс министрлігі жауабы


Қорғаныс министрлігі қазақстандықтардың мерзімді әскери қызметтен бас тарту туралы петициясына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында, Конституцияның 36-бабына сәйкес "Қазақстан Республикасын қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы әрі міндеті" екені көрсетілген.
"Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер армияда болған уақытында әскери мамандықтарына сәйкес жауынгерлік даярлық сабақтарынан өтеді. Олар жауынгерлік, дене шынықтыру дайындығы және әскери қызмет бойынша қажетті дағдыларды алады. Әскерден босатылғаннан кейін олар әскери дайындықтан өткен запасқа есепке алынады. Әскери даярланған резерв, яғни әскери дайындық дағдылары бар азаматтар мемлекет қорғанысының элементтерінің бірі, оның жұмылдыру ресурсы болып табылады. Әскери қауіп төнген жағдайда олар мемлекеттің қорғанысын қамтамасыз ету бойынша тапсырмаларды орындайды", - деді Қорғаныс министрлігі өкілдері.
Сондай-ақ, ведомство Әкімшілік іс жүргізу кодексінің 90-1-бабына сәйкес қорғаныс мәселелері петиция нысанасы бола алмайтынын атап өтті.
"Бұл бастама - мемлекеттің қорғаныс қабілетіне нұқсан келтіру", - деді министрлік.
27 қыркүйек 2024 ж. 201 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 421
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 229

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930