» » КЕЛЕШЕК – ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

КЕЛЕШЕК – ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

Жастарды мемлекет тұтқасын ұстар еліміздің болашағы десек, аға буын өкілі оларға қалай көмек қолын созуда? Оларды рухани, материалдық жағынан дамытудың жолы қандай? Жастардың көкейінде өздерін толғандырып жүрген қандай да бір түйткілдері бар ма? Қоғамның жас мүшелерінің келешекке деген оптимистік көзқарастары мен ілімді-білімді, өнерлі, қайратты болып қалыптасуына қалай ықпал етіп жатырмыз? Бұл төңіректе ауданда нендей шаруалар тындырылуда? Осы және өзге де сауал-сұрақтар сәрсенбіде аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен өткен әкімдік жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің кезекті отырысында кеңінен талқыланды.
Отырысқа комиссия мүшелері, дербес бөлім басшылары, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен ардагерлер қатысты.
Күн тәртібінде 3 хабарлама тыңдалды. Олар – «Жастар арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы» аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің бас маманы Ермек Наренов, «Ауданда жастар саясаты саласында атқарылған жұмыстар туралы» аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Нұржұман Пірназаров және «Төретам кенті бойынша мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы туралы» Төретам кенті әкімі Ғалымжан Елеусінов баяндады.
Жастар саясатын жүзеге асыруда ауданда жыл басынан бері бірқатар жұмыс атқарылуда. Бұл тұрғыда аудан басшысы жастар арасында бұқаралық спортты дамыту мақсатында Ақай, Дүр Оңғар және ІІІ Интернационал ауылдарында жалпы құны 1,3 млрд теңгені құрайтын дене шынықтыру кешендерінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқанын, оның құрылысының осы жылы толық аяқталып, пайдалануға берілетінін баса айтты. Сонымен қатар биыл аудандық бюджет қаражаты есебінен Жосалы кенті мен Алдашбай ахун, Т.Көмекбаев ауылдық округтерінде 4 балалар ойын және футбол алаңы салынып, ел игілігіне берілгені жөнінде де тілге тиек етілді. Бұл жұмыстардан бөлек, жасөсіпірімдердің спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасау мақсатында облыстық бюджет есебінен қаржы бөлініп, аудандағы 6 мектептің спорт алаңдарына жаңғырту жүргізілетінін жеткізді.
Кеңес отырысында қазір көпшілікті алаңдататын мәселенің бірі – жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық. Бұл ретте де аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы тиісті сала басшылары мен кент, ауылдық округі әкімдеріне жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық профилактикасын күшейту және жастардың бейім болып келетін – лудомания, суицид, ерте жүктілік, топтық төбелес сияқты теріс те жат қылықтан бойларын аулақ салуға және электронды темекі (вейп) тәрізді рұқсат етілмеген уытты заттарды қолдануына жол бермей, алдын алуда тиісті шаралар қабылдауда нақты тапсырмалар берді. Сондайақ мүдделі орган басшыларына жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды кең көлемде насихаттап, NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру жауапкершілігі жүктелді.
Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА
26 қыркүйек 2024 ж. 95 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 261

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 360

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930