» » Мұғалімдер арасында «Кәсіподақ барысы» өтті

Мұғалімдер арасында «Кәсіподақ барысы» өтті

Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының 100 жылдығына орай қазақ күресінен «Кәсіподақ барысы – 2024» республикалық турнирінің аудандық кезеңі өтті. Оның басты мақсаты – ұлттық спорт түрлерін дамыту арқылы саламатты өмір салтын қалыптастыру.
Соңғы жылдары қазақ күресінің көкжиегі кеңейіп келеді. Соның бір дәлелі – додаға 23 педагогтің қатысуы. Олар екі салмақ дәрежесі бойынша бақтарын сынады.
Сайысты тамашалауға жиылған аудан жұртшылығы жылдамдық, ептілік және шаршы алаңда қарсыластарын шаң қаптырып отырған балуандарға қолдау білдіріп, жарыс көркін қыздырып отырды.
Жарыс нәтижесінде 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде №107 мектептің мұғалімі Шерхан Сламханұлы І орын иеленіп жеңімпаз атанса, №109 мектептің мұғалімі Сұңғат Мырзабеков ІІ орын еншіледі. Ал жүлделі III орынды №273 мектептің мұғалімі Бағдат Сарболов қанжығасына байлады.
90 келі салмақ дәрежесінен жоғары белдесуде №250 мектеплицейінің қос бірдей мұғалімдері Батырұлан Қалиев І орын, Нұрғиса Бектібаев ІІ орынға ие болды. Ал №107 мектептің мұғалімі Наурыз Құдайбергенов ІІІ орынға жайғасты.
Жеңімпаз атанған балуандар арнайы дипломмен марапатталып, алда өз бақтарын облыс алаңында сынайтын болады.
«ҚТ» ақпарат
24 қыркүйек 2024 ж. 178 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 421
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 229

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930