» » Тарих әуенін Тұрмағанбет оркестрі Алматылықтарға тарту етті

Тарих әуенін Тұрмағанбет оркестрі Алматылықтарға тарту етті

Алматылықтар бағзыдан бері қалпын бұзбай сақталған Сырдың саф өнерін тамашалап жатыр.

Тұнып тұрған көне тарих әуенін Тұрмағанбет оркестрі Алматылықтарға тарту етпек. Оркестр тағылымды термелерді, күмбірлеген күйді, тамылжыған әндерді сүйемелдеп, кеш қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлады.

Айта кетейік, жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында Сыр өңірінде Тұрмағамбет оркестрі облыстық филармония жанынан 2007 жылы құрылды. Сыр сүлейі атанған атақты шайыр Тұрмағамбет Ізтілеуұлының 125 жылдық мерейтойы қарсаңында тұсауын кескен ұжымға сол кісінің аты берілді.

Содан бері олар рухани құндылығымызды дәріптеу, ұлттық өнерді одан әрі өрістету жолында шығармашылық жұмыс жасап келеді. Оркестрдің негізгі құрамын Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжін бітірген кәсіби білікті мамандар мен өнер саласының майталмандары құрайды.
22 қыркүйек 2024 ж. 276 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 120

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 481

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930