» » ӘУЕНДІ ТЕРАПИЯ ТИІМДІЛІГІ

ӘУЕНДІ ТЕРАПИЯ ТИІМДІЛІГІ

Жақында «Айгөлек» балабақшасының «Ботақан» тобында тәрбиеші Жанат Қызылбаеваның ұйымдастыруымен «3-4 жасар баланың дамуына әуенді қимылдардың әсері мен ықпалы» тақырыбында әуенді терапия сағаты өтті.  Мақсаты – ата-аналардың бір-бірімен қарым-қатынасын арттыру, балаға қолдау көрсетуге дағдыландыру, музыка терапиясы арқылы жүйке жүйесінің шаршауы мен қажуын және көңіл-күйін ретке келтіру.
Ертеңгілікте балалар «Сәлемдесу», «Аяқпен топ-топ», «Қарашы маған», «Жастықпен жаттығу», «Қояндар биі», «Шығыршықпен қимылдар жасау», «Дұрыс тыныс алу», тағы басқа бөлімдерде әуен арқылы өлең айтып, спорттық қимылдар жасап, шынықты.
Шара қорытындысында балабақша әдіскері Арайлым Аманжолова белсенді  ата-аналарға алғыс хат және бүлдіршіндерге ойыншық тарту етсе, ата-ана Эльмира Рахатова балабақша ұжымы мен оның басшысы Марина Махановаға алғысын айтты.  
Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА,
«Қармақшы таңы».
31 мамыр 2018 ж. 3 337 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 805
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 506

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930