» » Қырағы құтқарушы

Қырағы құтқарушы

Жаздың ми қайнатар аптап ыстығында тұрғындар дария жағалап, жабайы жағажайларда баратыны жасырын емес. Әдетте олар судағы қауіпсіздік қағидаларын ескере бермейді. Төтеншеліктердің күні-түні су айдындарын торуылдайтыны да содан. Ыстық күні суға түсіп салқындаймын дегендердің талайы белгіленбеген жерде суда жүземін деп ажал құшуда.
Жақында әлеуметтік желіде ағысы қатты Сырдария өзеніне батып бара жатқан қызды құтқарып қалған құтқарушының ерлігі көпшілікті тәнті етті. Өз өмірінен бұрын өзгенің тағдырын ойлаған ол нағыз құтқарушы деген атқа лайық маман екенін дәлелдеді. Батырдың есімі Шәкизат Әлқуат. Ол – Байқоңыр қаласындағы No8 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі.
Оқиға Сырдария өзенінің бойында Тастақ аумағында болған. Шәкизат еңбек демалысында жеке шаруамен жүргенде оқиға орнынан табыла кеткен. Өзгелердің көмек сұрағанын естіп, жағдайды анықтап, дереу жедел әрекетке көшкен. Суға ағып бара жатқан 22 жасар қызды жағаға шығарып құтқарып қалған. Оған алғашқы көмек көрсетіп, әрі қарай өмір сүруіне жағдай жасаған.
– Осы салада қызмет ететін кез келген маманның бірінші міндеті – құтқару. Қандай төтенше жағдай орын алсын ол соған дайын жүру керек. Себебі осы қызметке келерде құтқару миссиясын бірінші санаға қояды. Міне мен сол миссияны орындадым. Қазір жаз мезгілі болғасын көпшілігі суға түсіп демалғанды жақсы көреді. Алайда судағы сақтық ережелерін ескере бермейді. Болған жағдай осы ереже сақтамаудан орын алып отыр. Бір топ адамның көмек сұраған дауысы мені бейжай қалдырмады. Өзеннің жанына жүгіріп барғанымда бір қыздың ағыспен ағып бара жатқанын көрдім. Дереу шұғыл әрекетке көшіп, суға секірдім. Дарияның жағасына жиналғандар маған қолдау білдірді. Ең бастысы адамды ажал аузынан аман алып қалдық. Дарияның кез келген жағасы суға түсуге арналмаған. Соны халық ескерсе деймін. Асты терең болуы мүмкін. Жасөспірім балалар да мақтанышпен суға секіріп арты қайғылы оқиғаға ұласып жатады. Сол үшін қауіпсіздік ережелерді қатаң сақтауға шақырамын, – дейді құтқарушы.
Шәкизат Оңдасынұлы Қазалы ауданының тумасы. Әскери борышын Өскемен қаласында өтеген. Алғашқы еңбек жолын 2016 жылы аудандағы No10 өрт сөндіру бөлімінде радиотелефонист болып бастаған. Көп ұзамай Байқоңыр қаласындағы No8 өрт сөндіру бөліміне ауысып, бүгінде қызметін адал атқаруда. Жұмысына жауапты маман адамға кез келген уақытта көмектескенді жақсы көреді. Өзі де өмірдегі басты мақсат еткен миссиям – құтқару жұмысы дейді. Кешегі тілсіз жаудан қызды құтқарып қалғаны нағыз ерлік деуге әбден лайық.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
27 шілде 2024 ж. 205 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 290

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 385

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930