» » Мәдени лагерь – тиімді демалыс мекені

Мәдени лагерь – тиімді демалыс мекені

Төретам кенттік клуб үйі «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығының тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып, «ART уақыт» жобасы аясында 10 күндік мәдени-тәрбие лагерін ұйымдастырды. Лагерьді ұйымдастырудағы басты мақсат – балалардың бос уақытын тиімді пайдалана отырып, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру.
Лагерь бекітілген жұмыс жоспарға сай күнделікті таңғы жаттығудан басталып, топтық сайыстарға ұласып отырды. Ойындардан бөлек, балаларды кітапханада кітап оқытып, түсінік айту және есте сақтау қабілеттерін шыңдау үшін кішігірім сайыстар да ұйымдастырылды. Сайысқа қатысып жеңімпаз атанған балаларға тәттілер беріліп, ынталандырылды. Жоспар бойынша клуб үйінің әдіскері Гүлнұр Қайнарбаева «Сахна мәдениеті» тақырыбында түсінік беріп, мәдени-тәрбие сағатын өткізсе, клуб үйінің домбыра үйірмесінің жетекшісі Тоғжан Бахытова «Домбыра дәурен сөйлесін» атты домбыра аспабы жайлы терең ақпарат беріп, жас домбырашыларға шеберлік сағатын ұйымдастырды.
«Әрбір бала бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет» демекші, кішкентай жұлдыздар өз өнерлерін ортаға салатын караоке шоу, эссе жазу байқаулары ұйымдастырылса, қазақтың ұлттық құндылығын паш ету мақсатында ұлттық ойындар да назардан тыс қалмады. Асық ату, бес асық, тоғызқұмалақ, арқан тартыс сынды ойындар ойнатылып, қазақтың салтдәстүрлері мен ырымдары туралы сұрақтар қойылып, білімдерін кеңейтті.
Өз ойларын ашық айтып, қоғамдық, саяси ой өрісін дамытып, бәсекеге қабілетті болуы үшін «Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны» тақырыбында дебат өтті. Оған оқушылар белсене қатысып, пікірлерін білдірді.
Жалпы «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығының тұжырымдамасы аясында «Kino time», «Әлем book», «Еріктілер», «Сұхбат time» жобалары іске асырылды. Түрлі бағыттағы жүйелі жұмыстарға ата-аналар ризашылығын жеткізді. Келушілер санының шектеулі болғанына көңілдері түскен ата-аналар «тағы да лагерь ұйымдастырылса» деген ұсыныстарын білдірді. Лагерьдің жабылу кешінде біршама уақыт бойы бірбіріне үйреніп қалған балалар табиғат аясында дастарқан жайып, білген, үйренген нәрселері туралы сөз қозғап, клуб үйінің мамандарына шексіз алғысын жаудырды.
Ақмарал КІШКЕНТАЕВА,
Төретам кенттік клуб үйінің меңгерушісі
24 шілде 2024 ж. 223 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10339)

17 қыркүйек 2024 ж.

№73 (10338)

14 қыркүйек 2024 ж.

№72 (10337)

10 қыркүйек 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 1 639

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30