» » ЖАҢА МЕКТЕПКЕ Ү.ТОМАНОВТЫҢ БЮСТІ ҚОЙЫЛМАҚ

ЖАҢА МЕКТЕПКЕ Ү.ТОМАНОВТЫҢ БЮСТІ ҚОЙЫЛМАҚ

Кент орталығындағы жаңадан салынған №183 орта мектепке Үсен Томановтың бюсті қойылмақ. Бұл ақпаратпен Ү.Томановтың ұрпағы Асқар Томанов бөлісті.
– Ағамыз елде беделі бар азамат болған. Ол кісінің атындағы білім ошағының жаңа үлгіде салынып, сапалы білімнің ошағына айналғанына қуаныштымын. Бұл – біз үшін зор мәртебе. Алдағы уақытта Ү.Томановтың бюсті қойылады деп жоспарлануда, – деді А.Томанов.
Айта кетей ік, таяуда ғана ашылу салтанатына облыс әкімі Қ.Көшербаев қатысқан білім ошағы жаңа заманға сай үлгіде салынған. 300 орындық екі қабатты нысанды облыста сапалы құрылыс салудан алдыңғылардың бірі «Аманқұрылыс» серіктестігі орындап шықты.
Білім ошағында жаңа үлгідегі спорт залы бар. Оған қоса 21 365 дана кітап қоры бар кітапханасы мен оқу залы да оқырман қауымға қызмет етеді.
– Жалпы кітап қорының 10 133-і оқулық болса, 8 903-і көркем әдебиет. Көне мектепте оқу залынан қиналатын едік. Мұнда бәрі бар. Технология, информатика кабинеттері де баланың қиялын жүйрік, ойын ұшқыр етер түрлі жабдықтармен толықтырылған. Электронды оқулықтарымыз да сөреде тұр. Түптеп келгенде балаларға барлық мүмкіндік ұсынылып отыр, – деді мектеп директоры Алтынша Кенжеева.
Дәулет ҚЫРДАН.
30 мамыр 2018 ж. 2 687 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 206
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 78

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031