» » Жаңа қызметке тағайындалды

Жаңа қызметке тағайындалды


Қармақшы ауданы әкімінің өкімімен Наурызбаева Нұршат Бегежанқызы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Нұршат Бегежанқызы 1975 жылы 23 қазанда Қармақшы ауданы, Дауылкөл ауылдық округінде дүниеге келген.

1996 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетін «Музыка» мамандығы, 2006 жылы Қызылорда «Сейхун» академиясын «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша аяқтаған.

1996- 2006 жылдары №29 Т. Ізтілеуов атындағы мектепте үйірме жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі болып жұмыс жасаған.

2006-2016 жылдар аралығында Қармақшы аудандық оқушылар үйінде үйірме жетекшісі, директордың орынбасары, оқушылар үйінің директоры қызметтерін атқарған.

2016-2020 жылдары Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы;

2020-2021 жылдары Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары;

2021-2022 жылдары Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының бөлім меңгерушісі;

2022-2023 жылдары Қармақшы аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы:

2023 жылдан бүгінгі күнге дейін К.Рүстембеков атындағы Қармақшы аудандық Жыраулар үйінің үйірме жетекшісі болып абыроймен атқарып келді.

20 шілде 2024 ж. 254 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (10338)

14 қыркүйек 2024 ж.

№72 (10337)

10 қыркүйек 2024 ж.

№71 (10336)

07 қыркүйек 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 1 586

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30