» » Қазақстанда 6-9 жас аралығындағы балалардың 21 пайызы артық салмақпен жүр

Қазақстанда 6-9 жас аралығындағы балалардың 21 пайызы артық салмақпен жүр

Астанада өтіп жатқан «Capital Health» тұңғыш ұлттық форумында ҚР Қоғамдық тамақтандыру бірлестігінің төрағасы Вероника Нұрпейісова балалардың денсаулығы мәселесіне тоқталды.
Оның айтуынша, елімізде 6 мен 9 жас аралығындағы қазақстандықтардың 21 пайызы артық салмақтан зардап шегеді.
0-ден 14 жасқа дейінгі балаларда ас қорыту жүйесінің аурулары екінші орында тұр. 
Мәселені шешу үшін ДДСҰ сарапшылары бүкіл мемлекеттерге балалар арасындағы семіздікпен күресуді ұсынады.
Соның ішінде жеміс-көкөністің қолжетімді болуын қамтамасыз ету және витаминизациялауға баса мән берілуі маңызды.
«Қазір біз Денсаулық сақтау министрлігімен бірге мектеп және мектепке дейінгі тамақтану стандарттарын қайта қарау және технологиялық карта жасау мүмкіндігін зерттеп жатырмыз. Үш аймақта мектеп оқушыларының тамақтануын бағалау жұмысы жүргізіліп жатыр», – деді В.Нұрпейісова.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін былтыр Атырау облысында 140 балаға семіздік диагнозы қойылғанын жазған едік.
06 шілде 2024 ж. 179 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 920
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 563

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930