» » Татарстан республикасы мен Қызылорда облысы әкімдігі меморандумға қол қойды

Татарстан республикасы мен Қызылорда облысы әкімдігі меморандумға қол қойды

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Татарстан Республикасының Қазан қаласында Татарстан Республикасы Раисының қатысуымен өткен «БРИКС+» елдері қалаларының халықаралық форумында өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды.
Форум аясында Елабуга муниципалды ауданымен бауырластық қатынас орнату туралы өзара түсіністік меморандумына қол қойылды. Елабуга ауданында Еуропадағы алдыңғы қатарлы «Алабуга» арнайы экономикалық аймағы орналасқан. Осы құжат шеңберінде «Алабуга» арнайы экономикалық аймағымен ынтымақтастық орнатып, тәжірибе алмасу басталады деп жоспарлануда. Облыс әкімі екі ел арасындағы ынтымақтастық әлеуметтік-экономикалық дамуға септігін тигізетінін айтып, көрсетілген қонақжайлыққа алғысын білдірді.
«Қазақстан мен Татарстанның бауырлас халықтары әлеуметтік-экономикалық дамудың көптеген саласында табысты ынтымақтасады. Оның ішінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Татарстанның бірқатар жоғары оқу орындарымен, атап айтқанда, Қазан (Еділ) федералды университетімен, Қазан ұлттық технологиялық зерттеу университетімен және Қазан мемлекеттік мәдениет институтымен тығыз жұмыс істейді. Татарстан университеттеріндегі Қызылорда студенттері магистрлік және докторлық диссертацияларын қорғайды. Профессорлар алмасу, дәрістер оқу және бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру жолға қойылған. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылған «500 ғалым» жобасы аясында біздің университеттің үш ғалымы ғылыми тағылымдамадан өтуде. Мәдениет саласындағы ынтымақтастық жылдар бойы жалғасуда. Татар этномәдени бірлестігі – біздің өңірдегі ең белсенді бірлестіктердің бірі, облыстың әлеуметтік-мәдени өміріндегі барлық маңызды іс-шараға қатысады.
Облыстың басты артықшылықтары – көлік-логистикалық әлеуеті, минералдық-шикізат ресурстарының бай қоры, агроөнеркәсіптік кешенді және жаңартылатын энергия көздерін дамыту мүмкіндіктері.
Жалпы облыс аумағында қара және түсті металдардың, пайдалы қазбалар мен сирек кездесетін элементтердің бай қоры бар. Қазақстанның ванадий қорының 66%-ы, мырыштың 16,4%-ы, қорғасынның 11,1%-ы және уранның 14,7%-ы Қызылорда облысында. Өңірге жаңа жобаларды орналастыру үшін 6 индустриялық аймақ жұмыс жасауда» – деді Нұрлыбек Нәлібаев.
Іс-шарада аймақ басшысы форум қатысушыларын бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.

Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

21 маусым 2024 ж. 51 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (10316)

29 маусым 2024 ж.

№50 (10315)

25 маусым 2024 ж.

№49 (10314)

22 маусым 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 маусым 2024 ж.

Оқиғалар

Талпыныс
24 маусым 2024 ж. 1 319
Ұрының арты – қуыс

Ұрының арты – қуыс

08 қаңтар 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Таза Қазақстан
14 маусым 2024 ж. 3 214

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031