» » Орман және жануарлар дүниесін қорғаушы мамандармен кездесті

Орман және жануарлар дүниесін қорғаушы мамандармен кездесті

Орман өрті көбінесе құрғақшылық жылдары, ерте көктемде және күзде болады. Оның негізгі себебі – бақылаусыз жағылған от, сөнбей қалған шоқ, ауыл шаруашылығы қалдықтарын өртеген кезде қауіпсіздік талаптарының бұзылуынан туындайды. Орман өрті ағаш қорын кемітумен қатар, ағаштың өсуін нашарлатады, жалын шарпыған ағаш қурап, зиянды жәндіктердің, ағаш ауруларының таралуы көбейеді.
Осы орайда «AMANAT» партиясының Қармақшы аудандық филиалының төрағасы Әділ Үсенұлы Қошалақов және партиялық бақылау кеңесінің мүшелері жаз мезгілінде аудандағы өрт қауіпсіздігін сақтау және алдын алу мақсатында аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің материалдық-техникалық жабдықталуына мониторинг жұмыстарын жүргізді. Ұжым қызметкерлерімен кездесіп, жұмысты жетілдіру бағытында олардың ұсыныс - пікірлерін тыңдады.
Мекеме басшысы А.Бекберген атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттерді баяндап, мекеменің материалдық-техникалық базасымен таныстырды.
Мекеме басшысы А.Бекбергеннің айтуынша "Қармақшы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі" КММ-нің мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы көлемі 435 323 га жерді алып жатыр, оның 288 655 га орманды алқапты құрайды. Осы жерлерді қорғауға, сақтауға, күзетуге және молайту жұмыстарына мекемеде штат кестесі бойынша 67 қызметкер жұмыс жасайды.
Мекеме бойынша 2 аға өрт сөндіруші, 2 өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісі 5 өрт сөндіруші қызмет жасайды. 1 дана орман өртін бақылау мұнарасы бар. Мекемеде 1 дана КАМАЗ-43118 АЦ-6-40 өрт сөндіру автокөлігі,1 дана автоцистерна, 1 дана мотопомпа, 1 дана бензинді ара, 1 дана МТЗ-82 тракторы тіркемесімен, 1 дана ВЗГМ-150 К тракторы соқасымен, 1 дана УАЗ Хантер автокөлігі, 1 дана ГАЗ-33088 "САДКО" автокөлігі өрт болған жағдайда қатыстырылады.
Кездесу барысында ұжым қызметкерлері тарапынан айтылған ұсыныс пікірлер назарға алынып, тиісті жұмыстар жасалатын болды
20 маусым 2024 ж. 87 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№52 (10317)

02 шілде 2024 ж.

№51 (10316)

29 маусым 2024 ж.

№50 (10315)

25 маусым 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 маусым 2024 ж.

Оқиғалар

Талпыныс
24 маусым 2024 ж. 1 331
Ұрының арты – қуыс

Ұрының арты – қуыс

08 қаңтар 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Таза Қазақстан
14 маусым 2024 ж. 3 560

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031