» » Сыр өңірінде «Әке - отбасы тірегі» атты облыстық Әкелер форумы өтті

Сыр өңірінде «Әке - отбасы тірегі» атты облыстық Әкелер форумы өтті

Әке - отбасының тірегі, әрбір жанның үлгі тұтар тұлғасы, жанұяның қорғаны, құрмет пен берекенің бастауы.

Өткен жылдан бастап мерекелік күндердің тізбесіне маусым айының үшінші жексенбісі - «Әкелер күні» болып енгізілді. Бұл мерекенің мақсаты - отбасылық құндылықтарды ілгерлету, отбасы институтын нығайту, әкелердің қоғамдағы рөлін арттыру.

Осыған орай, бүгін Сыр өңірінде «Әке – отбасы тірегі» атты облыстық әкелер форумы өтті.
Форумға облыс әкімінің орынбасары Байманов Шахмардан Асқарұлы, аймақтағы үлгілі отбасылардың әкелері, көп балалы әкелер, аймақтық деңгейдегі «Мерейлі отбасы» конкурсының жеңімпаздары, меценеттар, еріктілер, ардагерлер, зиялы қауым, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері қатысты.

Сондай-ақ, республикалық «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Айтмағанбет Мақсұтбек Дүйсенұлы, аталған ұйымның Астана қаласындағы филиалының директоры Бекдайыр Нығметұлы, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі Тасбергенова Гаухар Қошқарбекқызы және ақын, жазушы, «Абай жолы», «Ахмет», «Ұлт ұстазы», «Міржақып», «Оян қазақ» сериалдарының сценарисі, «Дайағашшы» және өзге де кітаптардың авторы Ұларбек Нұрғалымұлы арнайы қонақ ретінде шақыртылды.

Жиында облыс әкімінің орынбасары Ш.Байманов форум қатысушыларына аймақ басшысының лебізін жеткізіп, мерекелерімен құттықтады. Отбасы құндылықтарын насихаттау, әкелер институтының рөлін нығайту, анаға құрмет көрсету, балаларды рухани-мәдени тәрбиелеу, білімге ынталандыру бағытында өңірде атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталды.

Өткен жылдан бастап аймақта «Тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығын» құрылып, «Әкелер Одағы» облыстық филиалының жұмысы қарқынды жүруде.

Осы уақыт ішінде Тәрбие орталығы мен Әкелер одағы облыстық деңгейде 1 форум, 28 семинар, 27 кездесу өткізді.

Ата-аналарды педагогикалық қолдау мақсатында «Әкелер мектебінің» құрамындағы азаматтардың қатысуымен дәріс сабақтары ұйымдастырылып, оларға 50 мыңға жуық әке қатысты. Бұл бастамаға қызығушы әкелер саны күн өткен сайын артуда.

Форумға қатысушылар арнайы тақырыптар бойынша өз пікірлерін ортаға салып, әкелердің қоғамдағы және отбасындағы алатын орны мен рөлі туралы өз ұсыныстарын білдірді.
Жиында елімізде орын алған су тасқыны салдарын жою мен алдын алуға атсалысқан елжанды азаматтар, еңбек адамдары, отбасында ғылыми, спорттық, мәдени, шығармашылық жетістіктерге жеткен балаларды тәрбиелеген әкелер облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі



15 маусым 2024 ж. 185 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031