» » Мерекелік күнтізбеге әкелер күні енгізілді

Мерекелік күнтізбеге әкелер күні енгізілді

Елімізде мерекелік күндердің тізіміне Әкелер күні енгізілді. Осыған сәйкес, маусым айының үшінші жексенбісі - әкелердің мерекесі ретінде белгіленбек. Атаулы күнге орай облыс көлемінде өткізілетін іс-шаралар тізбегі әзірленіп, арнайы жоспар бекітілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Қаламқас Каримова хабарлады.

-Дәстүрлі отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасының тұрақты дамуы мен бала тәрбиесіндегі әкелердің рөлін ілгерілету мақсатында Әкелер күнін мерекелеудің тұжырымдамасы әзірленді. Осыған байланысты мамырдың екінші жексенбісі «Аналар күні», ал маусым айының үшінші жексенбісі «Әкелер күні» болып атап өтіледі. Әкелер күніне орай қала және барлық аудандарда әртүрлі форумдар, спартакиадалар, жиындар және танымдық кездесулер өткізіледі. Одан бөлек, 18 маусым күні белсенді әкелер мен олардың балаларының қатысуымен облыстық спорттық сайыстар ұйымдастырылмақшы. Тағы бір айта кететін жәйт, республика көлемінде «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігі бар. Сол бірлестіктің Қызылорда облысындағы өкілі ретінде көп балалы әке, облыстық мәслихат депутаты Ержан Ескендір тағайындалды. Осы ұйым арқылы қоғамдағы әкелердің рөлін айшықтап, отбасы құндылығын көтеру жолында жұмыс істейтін боламыз, - деді Қаламқас Арыстанқызы.
Брифинг барысында Әкелер күні мерекесінің қоғамдағы өзектілігі айтылып, ер-азаматтардың отбасы алдындағы жауапкершілігі сөз етілді.

-Әкелер күні тек мереке ретінде ғана атап өтілмеуі керек деп есептеймін. Өйткені ер-азаматтар өз жанұясына жиі-жиі көңіл бөлуі арқылы ұлтты тәрбиелейді. Осы уақытқа дейін әке деген қадірлі атауға ешқандай кір келмеді. Ал қазіргі таңда азаматтарымыздың жауапкершілігі азайып, отбасы құндылығы төмендеп барады. Осы себепті барша әкелердің мәртебесін көтеру және оларға қолдау білдіру баршамыздың парызымыз деп білемін, - деді Ержан Ескендір.

- Дәл қазіргі сәтте әкенің қоғамдағы рөлі өте маңызды. Қазақта ананы қадір тұтса, әкенің бір ауыз сөзін қайталанбас заң деп санаған. Әке – кішкене ғана мемлекеттің басшысы, отбасы тірегі және қамқоршысы. Дегенмен, кейде осы міндеттерімізді ұмытып, отбасын асырауға беріліп кететініміз бар. Қазіргі жаһандану заманында әке мен ана отбасы алдындағы міндетін ұмытпау керек. Осы арқылы жанұя жылулығы азаймайды, - деді Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бақытжан Жақсылық.
@Өңірлік коммуникациялар қызметі
18 маусым 2023 ж. 388 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031