» » Отбасылар сайысты

Отбасылар сайысты

18 маусым - «Әкелер күні» мерекесі аясында Қызылорда қаласының Тұңғыш Президент саябағында отбасылық спорттық сайыс өтті.Салтанатты шараны Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Байманов ашып, мерекемен құттықтады. Сонымен бірге, облыстық мәслихат депутаты, көп балалы әке, «Әкелер одағы» РҚБ Қызылорда облысы филиалының басшысы Ескендер Ержан өз сөзінде мерекенің маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Биыл елімізде алғаш рет мерекелік күндер тізімі ресми «Аналар күні» және «Әкелер күні» мерекелерімен толықтырылды. «Аналар күні» мамыр айының екінші жексенбісі болса, «Әкелер күні» маусым айының үшінші жексенбісі, яғни 18 маусымға сәйкес келді.
Осы орайда, кеше өңіріміздің түрлі сала қызметкерлері арасында (әке мен бала) ұлттық спортымыз «Асық ату» және көңілді «Эстафета» спорт түрлерінен сынға түсті. Сайыстың тартысты өтуі барша қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Жарыс қорытындысы сай асық ату бойынша: білім саласының қызметкері Досаев Фархаттың отбасы 3-орын, Қоғам белсендісі Айтпенбетов Болатбектің отбасы 2-орын, ЖурналистОмаров Дәуреннің отбасы жүлделі 1-орын иеленді.

Эстафета ойындары бойынша:  Рахметов Алматтың отбасы 3-орын, Сержанов Дарханның отбасы 2-орын, Шымбергенов Жасұланның отбасы жүлделі 1-орын иеленді.

Отбасы құндылықтарын сақтай отырып, бала тәрбиесіндегі әке рөлінің маңызын көрсету, әке мен баланың өзара қарым-қатынасын нығайту, отбасында салауатты өмір салтын қалыптастыру жолында осындай мерекелердің маңызы зор.

Барша жеңімпаз, жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Әр отбасындағы алып бәйтеректеріміз – әкелер аман болсын!
20 маусым 2023 ж. 720 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 398
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 200

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930