» » Сыр өңірі – туу көрсеткіші бойынша алғашқы төрттікте

Сыр өңірі – туу көрсеткіші бойынша алғашқы төрттікте

Халық санының артуы – ел экономикасының алға жылжуына тікелей әсер ететін маңызды факторлардың бірі.
Жалпы облыста 2024 жылдың 1 мамырына 843,9 мың халық тұрады. Соның ішінде қалада тұратын азаматтардың саны – 396,5 мың немесе 47 пайыз болса, ауыл халқының саны – 447,3 мың адамды немесе 53 пайызды құрап отыр.
Жалпы халықтың көші-қон деректері әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдайларға байланысты өзгеріп тұрады. Сәйкесінше, көші қон қызметі ұсынған мәліметтер бойынша, осы жылдың қаңтар-сәуірінде өңірге тұрғылықты қоныстанған азаматтар саны 11798 адам, ал басқа облыстарға белгілі себептерге байланысты көшкендер саны 14705 адамды құраған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық статистика департаментінің басшысы Қайрат Әбсұлтанов хабарлады.

Жыл өткен сайын Сыр өңірі халқының санында айтарлықтай өсім бар. Мәселен, 2024 жылдың 1 мамырында халық саны 843,9 мың адамды құраса, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (2023 жылдың 1 мамыры 837,4 мың адам) өсімнің бар екендігі байқалады. Сонымен қатар, АХАТ бөлімі ұсынған мәліметке сүйенсек, осы жылдың қаңтар-сәуір айларында облыста 6367 сәби дүниеге келген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 0,3 пайызға көбейген.
Жалпы өңірімізде күніне орташа есеппен 50-55 сәби дүние есігін ашса, ай сайын 1550-1600 бала туылады. Осы көрсеткіштің арқасында облыстар арасында туу көрсеткіші бойынша төртінші орындамыз. Жалпы біздің өңір қай салада болмасын қажырлы еңбек етуге ыңғайлы аймақтардың қатарына жатады. Осыған сәйкес, облыс халқының көшіп-қону деректері әр түрлі себептерге байланысты өзгеріп, жаңартылып отырады. Жоғарыда айтып өткендей, жыл басынан бері облысқа 11798 адам тұрғылықты тұруға көшіп келсе, 14705 азаматтардың басым бөлігі Астана, Алматы қалаларына, Түркістан, Ақтөбе облыстарында білім алуға және қызмет етуге, Солтүстік өңірлерді қазақыландыру мақсатында жұмыс істеуге, мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көруге, жеке кәсібін дамыту үшін қоныс аударған. Ал, көшіп келгендердің көбі басқа өңірлерде білім алып, тәжірбие жинаған немесе оқып жатқан, біздің облыста жұмыс көзін тапқан уақытша қызмет етуге кеткен қызылордалық азаматтар екендігін айтқым келеді. Бұдан бөлек, шет мемлекеттерден де қоныс аударған азаматтар бар. Халықтың үдере көшу дерегі туралы ақпарат нақты еместігін және әр түрлі себептер ескерілмеген. Жалпы біздің өңірде туу көрсеткіші және табиғи өсімнің тұрақты екендігін жеткізгім келеді, - деді департамент басшысы Қайрат Байғабылұлы.

Айта кетейік, Қызылорда облысы экономиканың барлық негізгі саласындағы өсімнің нәтижесінде 2023 жылдың қорытындысымен аймақтар арасында көшбасшылардың қатарынан көрінді.
2023 жылдың тамыз айынан бері негізгі макро-экономикалық көрсеткіштер бойынша республикада алғашқы үштікте.
Атап айтқанда, өнеркәсіп өнімі – 7,3 пайызға, өңдеу өнеркәсібі – 46,9 пайызға, құрылыс көлемі – 46,2 пайызға артқан. Ал, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі – 30 пайызға өсті.

Сондай-ақ, ішкі сауда көлемі 223,2 млрд теңгеге жетті. Бұдан бөлек, ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 1,7 пайызға дейін ұлғайып отыр. Соның ішінде өсімдік шаруашылығы – 100 пайыз, ал мал шаруашылығы саласы – 101,8 пайызды құрады. Сонымен қатар, Қызылорда облысында құрылыс саласы серпінді дамуда. Мәселен, биыл 809 жеке және 6 көппәтерлі тұрғын үй ел игілігіне пайдалануға берілді.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

11 маусым 2024 ж. 137 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 312

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 411

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930