» » Қазақстан халқының саны 18,5 млн адамға жетті

Қазақстан халқының саны 18,5 млн адамға жетті

2019 жылдың 1 шілде айында Қазақстанда халық саны 18 млн 507,9 мың адам болды. Бұл өткен жылдың 1 маусымымен салыстырғанда 235,5 мың адамға көп немесе 1,3 пайызға өскен. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті хабарлады.
Атап айтқанда, есептік кезеңде қала тұрғындарының саны 10 млн 816,6 мың адам немесе 58,2%, ал ауыл халқының саны 7 млн 726,3 мың адам немесе 41,8% болды.
Осы жылдың қаңтар-маусым айларында өткен жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда Қазақстанға қоныс аударғандар саны 11,3% азайған, ал елден кеткендер саны 16,9% артты. Елдің негізгі миграциялық көші-қон ТМД елдеріне тиесілі. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 82% және аталған мемлекеттерге кеткендер саны 90,6% болды.
Елдің аумағында қоныс аударғандар саны 22,7% артты. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық миграциясының оң сальдосы елдің төрт өңіріне келді. Олардың қатарында Маңғыстау облысында (556 адам) және Шымкент (3710), Алматы (13650), Нұр-Сұлтан (14104) қалалары бар.
15 тамыз 2019 ж. 853 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 409
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728