» » Ақылы жолдарды төлеудің 10 әдісі ұсынылды

Ақылы жолдарды төлеудің 10 әдісі ұсынылды

Қазақстанда ақылы жолдардың ақысын қолма-қол, банк карталарымен, онлайн және абонемент рәсімдеу арқылы төлеуге болады, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясына сілтеме жасап.

Жазғы демалыстың басталуымен жүргізушілерге арнап ақылы жолдарды төлеу бойынша пайдалы ақпаратпен бөлісуді жөн көрдік.
Мамандар төлеу 10 түрлі әдісін атады:

1. Қолма-қол: Ақы төлеу пунктеріндегі шлагбаумға жақындаған кезде терминалдар арқылы жол ақысын төлеу. 

2. Payway.kzОл үшін сайтқа кіріп, мемлекеттік тіркеу нөмірді латын қаріптерімен жазып (мысалы, 111ААА01), соманы көрсету арқылы шотты толтыру.

3. Интернет-банкинг: Көптеген банк осы қызметті ұсынады (Kaspi bank, Halyk bank, Eurazian Bank, АТФ Банк, Forte Bank). Ол үшін «Төлемдер» бөліміне өтіп, «Ақылы жолдар» дегенді іздеп, мемлекеттік тіркеу нөмірді латын қаріптерімен жазып (мысалы, 111ААА01), соманы көрсету арқылы шотты толтыру.

4. QIWI, Касса 24, Tenge терминалдары арқылы: Ол үшін іздеу жолағына «ҚазАвтоЖол» сөзін теріп, латын қаріптерімен бос орынсыз мемлекеттік тіркеу нөмірін көрсетіп, төлем жасау. 

5. Касса 24, QIWI электрондық әмияндар арқылы: Ол үшін іздеу жолағына «ҚазАвтоЖол» сөзін теріп, латын қаріптерімен бос орынсыз мемлекеттік тіркеу нөмірін көрсетіп, төлем жасау.

6. Wooppay электрондық әмияны арқылы: Төлем операторлары арқылы шотты толтыру үшін латын қаріптерімен мемлекеттік тіркеу нөмірін енгізіп, Wooppay.com сайты арқылы төлеу. Visa және MasterCard карталары қабылданады. 

7. Kolesa.kzҚосымшада «Айыппұл мен қызметтер» бөлімін таңдап, ары қарай «Ақылы жолдарға» өтіп, латын қарпімен мемлекеттік тіркеу нөмірін жазып, шотты толтыру.

8. Beeline, Activ/ Kcell телефонның балансымен төлеу: 
Beeline операторы арқылы: *505# командасын теру; 5505 нөміріне «сома», «жол ақысы», «мемлекеттік тіркеу нөмірі» форматында SMS жолдау.
Activ/ Kcell операторлары арқылы: 5505 нөміріне «сома», «жол ақысы», «мемлекеттік тіркеу нөмірі» форматында SMS жолдау.

9. Е100 жанармай картасы бойынша төлем: Ақы төлеу пункттеріндегі терминалдарда төлем жүргізіледі. 

10. Заңды тұлғалармен келісімшарт жасау: Заңды тұлғалар kaztoll.kz сайтында жеке кабинетте тіркелу арқылы келісімшарт жасай алады. Келісімшарт жасау бойынша толық ақпаратты law.kaztoll.kz сайтынан білуге болады. 
Ақылы учаскеден шыққаннан кейін 7 күнтізбелік күннің ішінде жол ақысын төлеу қажет. Уақтылы төлем жүргізбегені үшін жеке және заңды тұлғаларға әкімшілік айыппұл салынады (ҚР ӘҚБтК 628 бабы, жеке тұлғаларға – 5 АЕК, заңды тұлғаларға – 10 АЕК). Шоттарыңызды толтырып, жол ақысын уақтылы төлеуді ұмытпаңыздар, - деп ескертті компания өкілдері.
10 маусым 2024 ж. 271 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 312

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 411

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930