» » Баға өскенде банктер не ұсынады?

Баға өскенде банктер не ұсынады?

Нарықтағы болып жатқан кез келген өзгерістерге қарай екінші деңгейлі банктер де өздерінің қаржылық саясатын өзгерте бас­тайды. Желдің қайдан соққанына байланысты жедел түрде оңтайлы (бәлкім өзі үшін, бәлкім клиент үшін) бағыт ұстанбаса, рейтингін төмендетіп алуы ықтимал. Наурыз айының орта шенінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 5,6 пайызға қымбаттап кетті. Мұндай жағдайда адамдар тауарды бөліп төлеу арқылы сатып алуға көше бастайды.


Тауарлар мен қызметтерді бөліп төлеуге қолжетімділік бере­тін ең ыңғайлы өнім – бөліп төлеу карталары. Ranking-тің жазуынша, қазір мұндай карталарды еліміздегі 22 екінші деңгейлі банктің 10-ы ғана ұсынады. Соның ішінде серіктестік желілеріне байланбай, ешқандай географиялық шектеулерге ұрынбай, сыйлықақы мен комиссияны да қоспай «таза» бөліп төлеу ұсынатын төрт қана банк бар, олар – ForteBank, «Сбербанк», Jusan Bank және Altyn Bank. Көп жағдайда бөліп төлеу мерзімі 3 айға жоспарланады.
«Үш айдан асатын бөліп төлеу­ді қосымша төлем жасау ар­қылы рәсімдеуге болады. Мұндай ең үлкен мерзім – 36 айға дейінгіні ForteBank ұсынады. «Сбербанкте» ақылы түрде 24 айға дейін, Jusan Bank-те 12 айға дейін (лимитке байланысты 490-нан 4 990 теңгеге дейінгі аралықта комиссия) мерзімді ұзартуға болады. Altyn Bank мерзімді тек 6 айға ғана ұзарта алады. Банк сайтында бөліп төлеу шарттары көрсетілмеген. Бұл төрт банкте де картаға қызмет көрсеткені үшін комиссия алынбайды», деп жазады Ranking.
Карталар бойынша несие лимиттері мынадай: ForteBank пен «Сбербанкте» – 3 млн теңге­ге дейін, Altyn Bank-те – 5 млн теңгеге дейін, ал Jusan-да – 1 млн теңгеге дейін. Тағы бір мән берер жайт – бөліп төлеу карта­ларының жан-жақтылығы. Мәселен, Forte, Сбер және Altyn карталарын несие картасы ретінде де пайдалануға болады, яғни несие лимиті шегін­де қолма-қол ақшаны шығару арқы­лы. Сондай-ақ ForteBlack-ты бұл мақсаттардан өзге, әдеттегі дебеттік карта ретінде қолдануға мүмкіндік бар. Ал бөліп төлеуді сатып алуды аяқтаған соң рәсімдейсіз.
«Өзге елдерде де пайдалану­ға мүмкіндік беретін бөліп төлеу карталарын 5 банк ұсынады, бірақ тегін емес. Олар – «Банк ЦентрКредит», «Еуразиялық банк», «Банк ХоумКредит», Halyk Bank және «Альфа-Банк». Үш банк­те қызмет көрсеткені үшін комиссия алынады: Halyk Bank-те – қолданыс мерзімі екінші жылға ауысқанда 6 990 теңге, «Альфа-Банкте» – қолданыс мерзімі екінші айға ауысқанда 1 000 теңге, «Банк Хоум Кредитте» DOS карталары бойынша бөліп төлеуді толық өтегенге дейін ай сайын 499 теңге ұсталып отырады», деп дерек келтіреді Ranking сарапшылары.
Сондай-ақ серіктестік желілері­нен тыс бөліп төлеу сатылымын жасаған кезде «Банк Центркредит» пен Halyk Bank айына 1 пайыз көлемінде, ал «Еуразиялық банк» SMARTCard картасы бойынша айына 1000 теңге, PayDa! картасы бойынша айына 2000 немесе 5000 теңге (бір айдағы сатып алу сомасына байланысты) көлемінде комиссия ұстап қалады.
Елдегі екі банк тек өздерінің серік­тестік желілері бойынша ға­на бөліп төлеу карталарын ұсы­на­­ды: Kaspi Bank өз клиенттеріне Kaspi Red-ті ұсынса, «Банк Хоум Кредит» DOS Pro өнімдерімен байланысты сатып алуларға ғана бөліп төлеу рәсімін береді.




06 сәуір 2022 ж. 446 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 032

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031