Құрылтай
» » 3 қазаннан кейін қандай банкноттар қолданыстан шығады?

3 қазаннан кейін қандай банкноттар қолданыстан шығады?


Ұлттық банк 3 қазаннан кейін кейбір банкноттарды қабылдауды тоқтатады, - деп хабарлайды sputniknews.kz.

Банк қызметкерлерінің айтуынша, 2006 жылғы банкноттарды кезең-кезеңімен ауыстыру және алу 2016 жылдың қарашасында басталған.

Ұлттық банк 2006 жылғы үлгідегі номиналдары 2 000, 5 000 және 10 000 теңгелік банкноттарды айырбастау кезеңінің аяқталатынын еске салады.
Банк қызметкерлерінің айтуынша, қолма-қол ақша айналымынан алынған банкноттарды қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастау, тек қана ұлттық банк филиалдарында ғана жүргізіледі.

"2020 жылдың 3 қазанында аталған банкноттардың айналымда жүру мерзімі аяқталғаннан кейін ұлттық банк филиалдары оларды қабылдауды және қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастауды тоқтатады. Сондықтан да банкноттарды азаматтар еліміздің 17 қаласында орналасқан ұлттық банктің барлық аумақтық филиалдарында айырбастауына болады", – дейді қолма-қол ақша айналымы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратов.


31 тамыз 2020 ж. 1 688 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 590
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 051

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31