» » Ойлылар ойынының озаты

Ойлылар ойынының озаты

Қазір дамыған заман дейміз. Заман көшінен қалмай барлығы дерлік дамуға бет бұрғысы келеді. Әркімнің өзіндік дара әлемі бар. Баланы да ерте жастан түрлі үйірмеге беріп, қабілетін шыңдап, жан-жақты болып өскенін қалап жатамыз. Осындай дамуға бет бұрған жанның бірі – Гүлфайруз Әшірбекова. Ол бүгінде аудандық Оқушылар үйінің «Ой-сана» үйірмесінде тәлім алады. Шахматтан түрлі байқауларда топ жарып жүр.
Жалпы шахмат – ақыл-ой спорты. Бұл ойынды тақта үстіндегі тартыс деуге болады. Ойнау логикасы зейінділікті дамытуға, әр алуан нұсқада жылдам әрі нақ есептей білуге, жеңіске жетуге деген ерік-жігерді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Шахмат ойынында адам өз бетінше шешім қабылдап, өз ісін жоспарлап, болжам жасауға мүмкіндік береді.
Гүлфайруз Әлішерқызы Т.Көмекбаев атындағы No250 мектеп-лицейдің 8-сыныбын аяқтап жатыр. Бүгінде талай додаларда жеңіс төрінен көрініп жүрген жайы бар. Атап айтар болсақ, Жасөспірімдер арасындағы 3 дәрежелі шахмат жарысында ІІІ орын, 4-разряд спортшы атағына орай ұйымдастырылған жарыста қыздар арасында ІІ орын, 3-разряд спортшы атағына орай ұйымдастырылған шахмат турнирінде қыздар арасында І орынды жеңіп алып, 3-разряд атағын алды.
– Гүлфайруз өте алғыр, зерек оқушы. Қиын тапсырмаларды шешуге келгенде алдына жан салмайды. Өз ойын еркін, ашық білдіреді. Жарысқа шыққалы бері шыныққан. Жарыс адамды шыңдайды деген рас екен. Орыс сыныбында білім алғандықтан көбіне орыстілді. Бірақ екеуміз бір-бірімізбен тез тіл табысып кеттік. Аса қызығушылықпен үйірме сабағына қатысқаннан кейін, көп нәтижеге қол жеткізуде. Ол өзінің қателіктерімен жұмыс жасағанды ұнатады. Әр ойында өзіне аналитикалық талдау жасап отырады. Үйірме барысында 4-разрядтан өтіп, жақында 3-разрядты да ойдағыдай қорғап шықты. Алдағы уақытта құжаттары қолымызға тиеді деп отырмыз. Ендігі мақсат – 1-разрядты алып, халықаралық жарыстарға шығу. Біздің үйірмеде оқушыларға лидерлік, көшбасшылық қабілеттерді дамыту мақсатында балаларға жарыс кезеңінде түрлі мотивация беріледі. Мұнда 9-15 жас аралығындағы оқушылар қатыса алады, – дейді үйірме жетекшісі Фариза Жұмағазықызы.
Иә, бұл ойын маңызды қарым-қатынас дағдысын меңгеруге, адамдар арасындағы байланысты жақсартуға және сенімге жұмыс істейді. Сонымен қатар уақытты тиімді пайдаланып, алға қойған мақсатқа жетуге икемдейді.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
02 маусым 2024 ж. 292 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 017

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031