Құрылтай
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА «СЕНІҢ ЖАҢА ҚЫРЫҢ!» ШАРАСЫ АЯСЫНДА ТАҢҒЫ ЖАТТЫҒУ ГИМНАСТИКАСЫ МЕН ВЕЛОЖАРЫС ӨТКІЗІЛДІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА «СЕНІҢ ЖАҢА ҚЫРЫҢ!» ШАРАСЫ АЯСЫНДА ТАҢҒЫ ЖАТТЫҒУ ГИМНАСТИКАСЫ МЕН ВЕЛОЖАРЫС ӨТКІЗІЛДІ

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың дене шынықтыру мен спортпен айналысу бойынша жолдаған «Сенің жаңа қырың!» челленджіне қолдау білдіру мақсатында Қызылордада таңғы жаттығу гимнастикасы мен веложарыс өткізілді. Таңғы жаттығу гимнастикасы «Сыр Ана» монументі алдындағы алаңда өткізілсе, веложарыс «Тәуелсіздік» даңғылынан басталып, мәре «Евразия» спорт кешенінде аяқталды. Айтулы шараға спортшылар, әуесқойлар, қала тұрғындары және мемлекеттік қызметкерлер қатысып, салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлестерін қосты.

  Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері органдарының құрылғанына 20 жыл толуына орай мемлекеттік қызметшілер арасында велосипед спортынан жарыс өткізілді. Нәтижесінде ерлер арасында мәреге бірінші болып Мейрамбек Ерубаев (ТЖД) келсе, екінші - Жандәуле Өндірей (ТЖД), үшінші - Шыңғыс Аманқұлов (Обл.сот) келді.
Ал әйелдер арасында Әсел Жадырасынова (ТЖД) жарыс жеңімпазы атанды. Күміс жүлдені Анар Сәлімжан (Мем.қызмет істер департаменті) иеленді. «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясымен Мәулен Бегалиев (Обл.спортбасқармасы) марапатталды. 
Сыр медиа
28 мамыр 2018 ж. 1 295 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 603
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 065

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31