» » Жаңа кітап: Жат жердегі жанқиярлық

Жаңа кітап: Жат жердегі жанқиярлық

Төретам кенті кітапханасының «COWORKING» орталығында ел ағасы, Байқоңыр өңірлік Ауғанстан ардагерлерінің төрағасы Кенжебек Үйрековтің «Өткен күнде белгі бар» атты кітабының тұсаукесері өтті. Кітап ауған соғысына қатысқан барлық жауынгердің құрметіне арналады.
«1979-1989 жылдар аралығында он жылға созылған сұрапыл соғыста жат жерде жанын пида етіп, жап-жас жігіттер қыршыннан қиылды. Бұл біз үшін отты жылдарда жалынды жастығы қалған барша жауынгерді, қандыкөйлек достарымызды еске алатын қасіретті де қасиетті жылдар болып, қанша уақыт өтсе де жадымызда жаңғырып тұра бермек» деп толғанады автор.
Кітап беташарының алғы сөзін жазушы Жантөре Әбдірейімов жазса, «Төретам кенті әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ахметкүл Аралбаева жаңа әдебиеттің оқырманы көп болсын деп, сәттілік тіледі.
Кеш аясында No85 орта мектептің оқушысы, жас ақын Еркебұлан Жалғасбаев өзінің арнауын мәнерлеп оқыса, іс-шара қонақтары марқұм болып кеткен Жантөре Әбілдаев ағамыздың жұбайы, ұстаз Жаңыл Молдабаева апайымыз, Қалдыбек Алтыруов ағамыздың інісі Қазбек Алтыруов, Төлеген Өсербаев ағамыздың бауыры Тілеген Сәрсенбаевтар толғаныс, естеліктерімен бөлісті.
Ардагерлер Ғани Адаев, Әбубәкір Маханов, Әскербек Жолмырзаев, Сұлтанбек Жұмабаев, Орынбек Шайманов ағаларымыз майдангер достарына деген сағынышын маржан сөзбен айтып берді.
Кездесуде Байқоңыр қаласы, Ақай ауылы мен Төретам кентіндегі ақын-жазушылардың кітапханаға сыйға тартқан кітаптарынан дайындалған «Байқоңыр жыр маржандары» атты кітап көрмесін кітапханашы Айгүл Жеңісқызы таныстырса, кент клуб үйінің әншілері Бақтияр Сабырбаев, Ғазиз Сүлейменов, Рауан Ысқақовтар әннен шашу шашты.
Қымбат МОЛЫБЕКҚЫЗЫ
26 мамыр 2024 ж. 276 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930