Бүгінгі брифингтен: 2023-2024 оқу жылын қорытындылау
Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің N85 орта мектебінде 17 мамыр күні өткен брифинг барысында мектеп директоры Шингисова Шаттық Мухамедкалиевна мектеп ата-аналарына, қамқоршылық кеңесінің төрағасы Үйреков Қорғанбек Сисенұлына 2023-2024 оқу жылын аяқтау бойынша сұхбат берді.
Мектепте барлығы -28 сынып, 505 оқушы, даярлықты қосқанда-30 сынып, барлығы 541 оқушы. Сабақ 2024 жылдың 24 мамырында аяқталады. Ағымдағы оқу жылында 9-сыныпты 57 оқушы, 11-сыныпты 12 түлек аяқтайды. 9 сыныптың қорытынды емтихандары 2024 жылғы 29 мамыр -10 маусым аралығында, ал 11 сыныптың білім алушылары үшін мемлекеттік емтихандар ағымдағы жылдың 28 мамыр -11 маусым аралығында өтеді. 9-сынып білім алушылары емтиханды 4 пән бойынша тапсырады. Үздік аттестат алуға 6 оқушы үміткер.
2023-2024 оқу жылындағы білім сапасы бойынша әр сыныптың үздіктері мен екпінділері туралы мағлұмат берілді.
2023 жылдың 20-29 қараша аралығында еліміздің ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша , яғни 11 пән бойынша 33 оқушы тіркеліп, бірінші республикалық олимпиаға қатысты. Жыл көлемінде өткізілген пәндік олимпиадасынан, "Алтын түлек" олимпиадасынан, "IQanat" олимпиадасынан, "Жарқын болашақ " олимпиадасынан, аудандық Д.Тәжиев атындағы қазақ тілі пәні бойынша олимпиадасынан жеткен жетістіктермен, Республикалық ақындар айтысы, Махамбет оқулары байқауының жеңімпаздарымен, спорттық сайыстардың облыстық, республикалық кезеңдеріндегі жеңімпаздары мен жетістіктері туралы мағлұмат берілді
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру комитетінің 10 мамыр 2024 жылғы N20 -1-20-6/3159-И санды хатына, Қызылорда облыстық оқу орталығының 10.05.2024ж N550,Қармақшы аудандық білім бөлімінің 13.05.2024 ж N885 хатын басшылыққа ала отырып, мектеп директорының 15.05.2024ж бұйрығымен "Жазғы мектеп-2024" ұйымдастырылып, 27-31 мамыр аралығында 1-8,10 сынып білім алушылары қамтылады.
2024 жылғы ҰБТ форматында негізінен өзгеріс жоқ, тек ішінара өзгерістер болды. Мәселен, сұрақтардың санында өзгерістер бар, бұрын оқу сауаттылығы мен математикалық сауаттылық бойынша 15 сұрақ болса, биыл оның саны 10 сұраққа қысқарды. Ал сол екі пәннің әрқайсысынан алынған 5 тапсырма бейінді пәндерге беріліп отыр . 120 сұрақ, ең жоғары ұпай-140. Қазір түлектер мамыр-шілде айларында өтетін негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсыра алады. Сөйтіп ең жоғарғы баллмен грант бөлу конкурсына қатысады. Бұдан бөлек ақылы түрде оқимын деген талапкерлер үшін қыста, көктемде ұйымдастырылды. Тамызда үшінші рет ҰБТ ұйымдастырылады. 12 бітіруші ҰБТ тапсырады.
Биылғы оқу жылындағы жаңалық 5-8,10 сынып оқушылары қазақ тілі пәні бойынша 27 -31мамыр аралығында емтихан тапсырады.
Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі N158 бұйрығының 11-қосымшасы " Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалу үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру " мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартына сәйкес жұмыс жасалады. Осы мәселе бойынша дайындалатын құжаттар, балалардың неше жастан бастап бара алатындығы, мектептегі лагердің түрлері туралы мағлұмат берілді. 2023-2024 оқу жылында "N85 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мектеп жанындағы ішкі лагерьмен қамтылатын оқушылар саны-40, қала сыртындағы лагерьге қамтылатын оқушы саны - 15, демеушілікпен қамтылатын оқушы саны - 5, көркейту көгалдандыру бригадасы бригадасына 57 оқушы, еңбек бригадасына 18 оқушы, аулалық клубқа 70 оқушы, дебат қа 20 оқушы, экскурсияға 20 оқушы қамтылады
"N85 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі