» » Биыл алғаш рет Қызылордадан Алакөлге пойыз қатынайды

Биыл алғаш рет Қызылордадан Алакөлге пойыз қатынайды

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі Алакөл көлінің бағытында пойыздар Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан 12 бағыт бойынша қатынайтынын және алғаш рет Қызылордадан пойыз жүретінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
10 бағыт бойынша "Жолаушылар тасымалы" АҚ пойыздары, ал 2 бағыт бойынша жеке тасымалдаушылар құрамы жолаушы тасымалдайды. 
"Теміржол көлігі еліміздің туризм саласын дамытуда шешуші рөль атқарады. Біз жыл сайын Алакөл курорттық аймағына жолаушыларды тасымалдауға сұраныс артқанын байқаймыз. Сондықтан осы жазғы маусымға Алакөл көліне дейінгі пойыздардағы орындардың санын арттыру мақсатында, өткен жылмен салыстырғанда 16 мың, яғни 270 мың орынға дейін ұлғайту туралы шешім қабылдадық", – деді басқарма төрағасы Жәнібек Тайжанов.
Сонымен қатар Алакөл бағытындағы пойыздар туристер үшін танымал Жалаңашкөл, Ақши және Бескөл станцияларында тоқтайды. 
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан мен Қытай арасында тағы бір жолаушылар пойызы жүретінін хабарладық. Туристік пойыздың жүруі "Үрімші – Алматы-2" қатынасындағы №103/104 жолаушылар пойызының кестесі бойынша Қорғас-Алтынкөл шекаралық өткелі арқылы жүзеге асады.
17 мамыр 2024 ж. 513 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930