Конституция
» » Бірнеше пойыздың бағыты өзгереді

Бірнеше пойыздың бағыты өзгереді

Пойыздардың жаңа жүру кестесінің енгізілуіне байланысты 8 желтоқсаннан бастап кейбір пойыздардың бағыты өзгереді. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарлады. Атап айтқанда: №375/376 «Нұр-Сұлтан – Риддер» бағыты бойынша жүретін пойыздың жол жүру қашықтығы қысқартылып, облыс орталығы Өскемен-1 стансасына дейін ғана қатынайды; №85/86 «Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол – Сарыағаш» пойызы енді ескі вокзал кешенінен жүріп, бұл бағыт «Нұр-Сұлтан-1 – Сарыағаш» деп өзгереді; Cол сияқты №673/674 «Павлодар – Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол» бағыты бойынша жүретін пойыз енді «Павлодар – Нұр-Сұлтан-1» бағыты бойынша қатынайды; Күн ара жүретін №712/711 «Нұр-Сұлтан – Шымкент» жолаушылар пойызы енді күнде жүретін болады; Сонымен қатар алты жолаушылар пойыздарының нөмірі өзгереді: «Жолаушылар тасымалы» АҚ-на қарасты: № 153/154 «Нұр-Сұлтан – Семей» енді № 353/354 пойызы болып өзгереді; № 375/376 «Нұр-Сұлтан – Өскемен-1» енді № 67/68; № 377/378 «Алматы-Маңғыстау» енді №77/78; Жеке тасымалдаушылар: № 312/311 «Нұр-Сұлтан – Семей» енді №121/122 («Арай транс kz» ЖШС-ке қарасты); № 307/308/ «Нұр-Сұлтан – Жезказған» енді №107/108 ( «Марал Нұр» ЖШС); № 617/618 «Қызылорда – Нұр-Сұлтан» енді №117/118 («Марал Нұр» ЖШС). Ұлттық тасымалдаушы барлық сұрақтар бойынша Бірыңғай анықтама қызметі «105» нөміріне хабарласуды сұрайды (стационарлық телефоннан қоңырау тегін).
"Қамшы" сілтейді


10 қараша 2019 ж. 1 103 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 402
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 917

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031