» » Көңілім теңіз – жүрегім жырмен егіз

Көңілім теңіз – жүрегім жырмен егіз

Иіркөл ауылдық округі клубының ұйымдастыруымен Болат Махмутовтың «Көңілім теңіз – жүрегім жырмен егіз!» атты өлеңдер жинағының тұсаукесер рәсімі өтті. Кешті ауылдың әкімшілік қызметкері Дастан Алманов жүргізіп отырды. Оған облысымыздың түкпір-түкпірінен, алыс-жақын ауылдардан қонақтар жиылды. Алғашқы сөзді ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Білжанов, Иіркөл ауылдық округі клубының директоры Р.Райханова және Н.Садықовтар сөз сөйлеп, жаңа кітаптың тұсаукесерімен құттықтады. Сондай-ақ кеште автордың өмірі мен шығармашылығы жайлы бейнесюжет көрсетілді. Мұнан соң Болат Махмутовқа ауыл әкімінің алғыс хаты табысталды.
Автордың төл туындысы сөздің қадірін білетін, шығармашылықтың табиғатын терең түсінетін көпшілік қауымға арналған. Жинақ әртүрлі жылдар ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жарық көрген және әлі жарық көрмеген өлеңдерін қамтиды. Оған жер, ел, Тәуелсіздік, білім және ғылым, табиғат, махаббат, достық, ағайынтуыстарға арналған өлең, естелік пен ой-толғамдары жинақталған.
Кітаптағы көптеген өлеңдер жас ұрпаққа жақсы ой тудырып, оларды адамгершілікке, елжандылыққа, туған жер мен елге деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді. «Физиктер-лириктер» деп автордың мамандығы физик болса да, жырға, өлеңге, ізденіске деген қызығушылығы, әуестігі оны алға жетелеп отырады.
Жаңа кітаптың лентасын кеш­­тің құрметті қонақтары Пажарбек Ибрайұлы, Бақыт Қалиұлы, Абдулла Байкенжеев, Мұрат Махамбетов, Жарылқасын аға, Аппаз Сыдықов қиды. Одан кейін ақынның өлеңдеріне кезек берілді. Онда Болат Махмутовтың сөзіне жазылған (әні Талғат Нағашыбаевтікі), «Қуатты Қазақстан» әнін Әділхан Төлегенов орындады.
Болат Махмутовтың анасы Гүлшат Шалғынбаева, арнайы осы кешке келген ұстазы Тұрсын Садықова, Үрлән, Дәмелі апайлар мен ақынның сыныптастары сөз кезегін алды. Мұнан соң ауыл ардагері, ақын Абдулла Байкенжеев, ақын Дастан Нәзікбаев және Болат Әбдірасілов сөз сөйледі.
Кешті ауыл әкімі Жағыпар Төлегенов қорытындылап, ақынға ақ жол тіледі. Мұнан соң «Иіркөлімде тұру керек» атты ауылдық округтің клубы жанынан құрылған ән үйірмесінің өнерпаздары халықаралық, облыстық, байқаулардың жүлдегерлері Жансая Асанова мен Дәулет Серікбаевтың орындауындағы әнге ұласты.
Ақнұр ЕРДҮЙСЕНҚЫЗЫ
15 мамыр 2024 ж. 131 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10336)

07 қыркүйек 2024 ж.

№70 (10335)

03 қыркүйек 2024 ж.

№69 (10334)

30 тамыз 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 1 370

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30