» » Саулыққа арналған сайыс

Саулыққа арналған сайыс

Тәннің саулығы бәрінен маңызды. Сол себепті әркез денсаулыққа көңіл бөлу керек. Осы орайда жақында No1 санаториялық бөбекжай- бақшасында «Спорт – достық, спорт – денсаулық» тақырыбында денсаулық апталығы өтті. Апталық аясында бөбекжай- бақшаның қызметкері, музыка жетекшісі Разия Тұржанованың ұйымдастыруымен ұжымдық сайыс өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – балабақша ұжым қызметкерлерін саламатты өмір салтын ұстануға баулу. Балабақша медбикесі бірінші кезекте қатысушылардың қан қысымын және жүрек қағысын тексеріп, сайысқа қатысуына рұқсат берді. Отбасылық сайысқа 5 ойыншыдан құралған 3 команда қатысты. Аталмыш сайыс 5 кезеңнен тұрды. Қызыққа толы тартысты сайыстың нәтижесі бойынша «Сұңқар» тобы 22 ұпай есебімен І орынды жеңіп алды. Ал «Көкбөрілер» мен «Бүркіт» командалары 20 ұпаймен тең түсіп, ІІ орынға жайғасты. Сайыс соңында барлық қатысушыларға диплом мен арнайы номинация бойынша марапаттар тапсырылды.
А.ЕРДҮЙСЕНҚЫЗЫ
12 мамыр 2024 ж. 416 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 942
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 581

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930