» » Шынықсаң – шымыр боласың

Шынықсаң – шымыр боласың


БАЛАБАҚША – БАЛАНЫ ӨМІРГЕ БАУЛИТЫН МАҢЫЗДЫ ОРЫН. МҰНДАҒЫ БЕРІЛЕР ТӘРБИЕНІҢ ДЕ ОРНЫ БӨЛЕК. ОСЫНЫ ҰҒЫНҒАН БАЛАБАҚША ҰЖЫМЫ ДА БОЛАШАҚ ЕЛ ӨРЕНДЕРІ ҮШІН БАРЫН САЛУДА. ЖАҚЫНДА ОСЫНДАЙ МАҚСАТПЕН КЕНТ ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ BAL-AIYM БАЛАБАҚШАСЫНДА СПОРТТЫҚ ЭСТАФЕТА ӨТКІЗІЛДІ.
Саламатты өмір салтын ұстануға бағытталған бұл іс-шараны балалар жылына орай балабақша медбикесі Ақмарал Сағилатқызы ұйымдастырды. «Шынықсаң шымыр боласың» атты спорттық сайысқа бүлдіршіндер белсенді қатысты. «Кім шапшаң?», «Туннель», «Пингвин», «Баскетбол» «Пайдалы, зиянды тағамдар», «Арқан тарту» кезеңдері арқылы ұйымдастырылған сайыс жоғары дәреже өтті. Балабақша тәрбиеленушілері тапсырмаларды қызы­ғушылықпен орындап, ерекше әсер алды. Спорттық іс-шараға қатысқан тәрбиеленушілер мадақтамамен марапатталды.
Балаларға арналған бұл мекенде мектепке дейінгі балалар үшін осындай спорттық іс-шараларды өткізу дәстүрге айналған. Алдағы уақытта мұндай сайыс­тар жалғасын таппақ. Ал жаз айларына осындай эстафеталарды табиғат аясында өткізу де жоспарға қойылған.

Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
10 наурыз 2022 ж. 859 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

№39 (10507)

26 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 228
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 779

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930