» » Ғ.ЖАҢАБАЕВ: ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН АРДАГЕРЛЕРГЕ БІРЖОЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫ БЕРІЛЕДІ

Ғ.ЖАҢАБАЕВ: ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНА ҚАТЫСҚАН АРДАГЕРЛЕРГЕ БІРЖОЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫ БЕРІЛЕДІ


Бүгінде аймағымызда Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілген 3 843 ардагер бар. Оның ішінде Ұлы Отан соғысына қатысқан 4 ардагерге биыл 2,5 млн теңгеден біржолғы жәрдемақы төленетін болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғабит Жаңабаев хабарлады.

- Ұлы Отан соғысына Сыр өңірінен 70 мыңнан астам азамат аттанып, олардың көпшілігі сол майданда ерлікпен қаза тапты. Ал, аман-есен елге оралған соғыс ардагерлері өкінішке орай жылдан жылға азаюда. Сондықтан ол кісілерді қадірлеу, барынша құрметтеу – біздің басты парызымыз. Жалпы, жыл сайын мереке қарсаңында облыс әкімінің қолдауымен ардагарлерімізге барынша әлеуметтік қолдаулар көрсетіліп келеді. Атап айтқанда, Ұлы Отан соғысына қатысқан 4 ардагерге - 2 510 560 теңгеден біржолғы жәрдемақы төленетін болады. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін арнайы медальдармен марапатталған ардагерлерге 221,5 мың (60 АЕК) теңгеден беріледі. Ал, Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің жұбайларына және қайтыс болған мүгедек ардагерлердің жұбайларына – 147,6 мың (40 АЕК) теңгеден төленеді. Сондай-ақ, тылда кемінде алты ай жұмыс істеген 1 990 азаматқа - 147,6 мың (40 АЕК) теңгеден беріледі. Бұдан бөлек, Жеңіс күні қарсаңында Чернобыль, Семей, Ауғанстанда болған ұрыстарда ерлік көрсеткен азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмекпен қамтылатын болады, - деді Ғабит Жұмабекұлы.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

30 сәуір 2024 ж. 358 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 090
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 748

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031