» » Республикалық “Айбын-2024” әскери патриоттық жастар жиынының аудандық іріктеу кезеңі өтті

Республикалық “Айбын-2024” әскери патриоттық жастар жиынының аудандық іріктеу кезеңі өтті


Білім бөліміне қарасты №183 Ү.К.Томанов атындағы орта мектеп базасында жалпы білім беретін мектептердің 14-18 жас аралығындағы оқушылар арасында “Айбын-2024” әскери-патриоттық жастар жиынының аудандық кезеңі аймақтар арасында өтті.

Сайысқа аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Абдазиева арнайы қатысып, жастар арасында әскери-патриоттық жұмысты жетілдіру, Қазақстан Қарулы Күштерінің беделін көтеру және әскери қызметті насихаттау, салауатты өмір салтын ұстанып, туған жер мен Отанға деген жастардың патриоттық сезімін арттыру мақсатындағы шараның маңыздылығына тоқталып, қатысушы жастарға еліміздің ертеңі ер азаматтар қолында екенідігін жеткізіп, сайысқа қатысушы сайып қырандарға сәттілік тіледі.

Сайыс әскери қолданбалы спорттың 8 түрі бойынша өтті. Ауданның 30 мектебінен 5 аймаққа бөлінген команданың оқушылары тартысты сайыс өткізіп ,жеңімпаз атанған командалар арнайы дипломдармен марапатталып, облыстық кезеңге жолдама алды.

25 сәуір 2024 ж. 436 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 262
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 800

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930