» » Баспана салу мәселелері талқыланды

Баспана салу мәселелері талқыланды

Бүгінгі Үкімет отырысының күн тәртібінде тұрғын үй құрылысын дамыту және проблемалық жобаларды аяқтау мәселесі қаралды.
Үкімет отырысынан кейінгі арнайы мәжілісте облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бірқатар тапсырма берді.
«Күн тәртібіндегі екінші мәселе тұрғын үй құрылысын дамыту және проблемалық жобаларды аяқтау туралы болды. Осы жылы бюджет қаражаты есебінен 13,3 млрд. теңгеге 1269 пәтерлік 67 тұрғын үй салынады. Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін 296 жаңа пәтер сатып алуға республикалық бюджеттен 3,8 млрд. теңге қаржы бөлінген.
Жақында Үкімет 2024 жылы экономикалық өсімді қамтамасыз етудің бірінші кезектегі іс-қимыл жоспарын бекітті. Онда құрылыстың нақты көлемінің индексін 2023 жылға қарағанда кемінде 110 пайыз деңгейінде қамтамсыз ету үшін тұрғын үй құрылысы көлемін 2,5 млн. шаршы метрден 18 млн. шаршы метрге дейін ұлғайту шаралары қабылданған. Аталған мәселе бойынша 26 наурыздағы мәжілісте кезек күттірмейтін бірқатар тапсырма берілді», – деді аймақ басшысы.
Айта кетейік, бүгінгі күнге қала және аудандарда 1 816 пәтер салынуы жоспарланып, оның 1 316-ның құрылысы басталған. Барлық ауданда мердігерлер анықталған. Нұрлыбек Машбекұлы қала және аудан әкімдеріне сатып алынуы жоспарланған тұрғын үйлердің жерін рәсімдеуді, инженерлік инфрақұрылыммен қамтуды және оларды сатып алу конкурстарын ұйымдастыруды бүгіннен бастау керектігін ескертті. Құрылыс жұмыстарының мерзімінде әрі сапалы жүргізілуі қатаң бақылауға алынуы тиіс. Үкімет қаулысында Еуропалық даму банкінің 300 млрд. теңге нарықтық қаражатын тартып, «Отбасы банкі» арқылы жаңа ипотекалық бағдарламаны 2024 жылдың мамырында іске қосу тапсырылған.

©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

24 сәуір 2024 ж. 178 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930