» » «Ашық есік» күні ұйымдастырылды

«Ашық есік» күні ұйымдастырылды

2023-2024 оқу жылында мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес мектеп бітіруші 11 сынып оқушыларын ҰБТ-ге педагогикалық- психологиялық бағытта сүйемелдеу жұмыстарының жоспарына және аудандық білім бөлімінің 09.04.2024 жылғы №680 хатына сәйкес А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінде түлектер мен ата-аналарына арналған ашық есік күні болып өтті.
Ашық есік күніне орай мектеп әкімшілігі және педагог-психологтар жоспарлы түрде жұмыстарын атқарды. Атап айтсақ, бейінді-бағдарлы орынбасар Ғ.Ысқақов түлектер мен ата-аналарға мамандық таңдаудың маңыздылығы туралы дәріс оқып, пікір алмасты.
Мектеп психологы А.Шайхиева 11 сынып оқушыларымен ҰБТ-ге қалай тиімді дайындалу жолдары мен қобалжудың алдын алуға арналған жаттығулармен бөлісті. Тренингте оқушыларға кеңестер беріліп, жадынамалар таратылды.
Оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасардың міндетін уақытша атқарушы Ғ.Ысқақов оқушыларға уақытты тиімді пайдалану және дайындық барысында кездесетін кедергілерді қалай жою керектігі жөнінде біршама кеңесін берді.
Ата-аналарына қазіргі кезде бала бойындағы өзгерістерді назардан тыс қалдырмай, қолдап отыру қажеттілігі туралы айтып өтті.
Мектеп-лицейдің әлеуметтік-педагогі Ш.Мұханбедиева ата-аналарды балалардың дұрыс тамақтануы мен толыққанды ұйықтап дем алуының маңыздылығы туралы ақпараттандырды.
Сондай-ақ көктемгі мезгілде адам организмінің әлсіреуіне байланысты оқушыларға күш-қуат беретін дәрумендер немесе дәрумендерге бай тағам түрлерімен қамтамасыз етуге шақырды.
18 сәуір 2024 ж. 409 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 266
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 803

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930