» » Еуроодақ мемлекеттері елшілерінің сапары қорытындыланды

Еуроодақ мемлекеттері елшілерінің сапары қорытындыланды


Бүгін Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер елшілерінің Қызылорда облысына жұмыс сапары аяқталып, аймақ басшысы делегация мүшелерін шығарып салды.

Сапар қорытындысы бойынша блыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мәжіліс өткізіп, делегацияның Қызылорда облысына сапары жоғары деңгейде өткенін айтты. Іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқан жауапты тұлғаларға алғыс білдірді.

Еске салсақ, 11-14 сәуір аралығында Қызылордаға Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің елшілері және Сыртқы істер министрлігінің өкілдері арнайы жұмыс сапарымен келді. Облыс әкімдігінің шақыртуымен келген делегация сапарының негізгі мақсаты өңірге инвестиция тарту мәселесін қарау. Аймақтың инвестициялық әлеуетімен танысу.

Олар «Қызылорда облысының инвестициялық әлеуеті» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысып, Қорқыт ата атындағы Қызылорда, «Болашақ» университеттерінің студенттерімен кездесті. Қармақшы ауданындағы «Қорқыт Ата» мемориалдық кешеніне, Арал ауданындағы Ә.Нұрпейісов атындағы Әдебиет үйіне барды. «Балықшылар аллеясын» және «Балықшылар» музейін тамашалап, «Aral Sea Food» балық өңдеу зауытының жұмысымен танысты. Мұнан бөлек, делегация мүшелері «Көкарал» бөгетіне аялдап, Кіші Арал теңізінің жағдайын көрді және теңіз алқабындағы сексеуіл егу жұмыстарымен танысты.

Жиын қорытындысында облыс әкімі мемлекет басшысының Арал теңізінің құрғаған табанындағы 1,1 миллион гектарға 2025 жылға дейін климатқа сай өсімдіктер егу тапсырмасын аудан әкіміне және тиісті басқарма басшыларына тиянақты орындап, тиісті жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

14 сәуір 2024 ж. 217 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 210

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930