» » Әйелдердің құқығын қорғау мәселелері пысықталды

Әйелдердің құқығын қорғау мәселелері пысықталды


Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өңірге арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі Қарақат Әбденмен кездесті.

Кездесу барысында аймақта гендерлік, отбасылық саясат және қыз-келіншектердің заңды құқығын қорғап, жан-жақты қолдау көрсету барысы сөз болды. Қарақат Әбден осы саладағы өзекті мәселелерді атап өтіп, Сыр еліне келу мақсаты – облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның жұмысымен танысу екенін мәлімдеді.

Өз кезегінде аймақ басшысы облыста әйел аналарды қолдауға бағытталған жұмыстар туралы айтты. Атап айтқанда, кәсіпкерлердің қолдауымен «Анаға тағзым» орталығының құрылысы жүргізіліп жатқандығын мәлімдеді. Құны 1,5 млрд. теңгені құрайтын заманауи үлгідегі орталық өңірдің қыз-келіншектеріне, жас отбасыларға, балаларға ұлттық құндылықтарды дәріптеп, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді жаңғыртуға мол мүмкіндік бермек.

Айта кетейік, Қарақат Әбден өңірге жұмыс сапары барысында қиын жағдайға түскен әйелдер тұратын дағдарыс орталығына барып, орталық тұрғындарымен әңгімелеседi және кәсіпкер әйелдер мен студент жастармен кездеседі. Сонымен қатар,М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі жанынан құрылған «Көшбасшы қыздар» клубының жұмысымен және №140 мектеп жанынан құрылған «Отбасы мектебі» облыстық пилоттық жобасымен танысу жоспарланған.

©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

23 қаңтар 2023 ж. 321 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 221

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 150

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 327

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930