» » ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫМЕН ЖҮЗДЕСУ

ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫМЕН ЖҮЗДЕСУ

Бейсенбіде қазақ күресінің халықаралық дәрежедегі спорт шебері, «Әлем барысының» күміс жүлдегері, «Қазақстан барысының» чемпионы Мақсат Исағабылов ауданда болып, кенттегі No183, No105, No26 мектептің жастарымен кездесті. Сыр елінің толағайын аудан жастары зор қошеметпен қарсы алды.
Әр білім ошағындағы кездесуді аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұлов, аудандық мәслихаттың төрағасы Әділ Қошалақов, аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Ғарышбек Нысанбаев жүргізіп, жастар – қоғамның болашағы мен қозғаушы күші, мемлекеттің тұрақты дамуының негізі екенін жеткізді. Себебі, бүгінгі күні елімізде жастардың рухани, мәдени және кәсіби дамуына айрықша назар аударылып, оларды жан-жақты қолдау шаралары жүйелі түрде атқарылып келеді.
Кездесуде қазақтың барысы Мақсат Аманбайұлы жастарға спорт мансабындағы қажырлы еңбегі мен жетістігін айтып берді. Қай салада болсын биікті бағындыру үшін ең бастысы төзімділік керегін айтты.
– Әр адам ойға алған арманына жету үшін ең алдымен алдына мақсат қоя білу керек. Міне, сол жолда ғана еңбек етіп, биік белесті бағындыра алады. Сіздердің алдарыңызға Қазақстан барысы атанып келуімнің бір себебі – осы үздіксіз, тынымсыз еңбектің арқасы. Мен де сіздердің жастарыңызда білім мен спортты қатар алып жүрдім. Ұстаздарымның берген білімі оқуға түсуіме сеп болса, ата-анамның тәлім-тәрбиесі дұрыс адам болып қалыптасуыма бірден-бір көмек болды. Қазір жастарға мүмкіндік көп. Елге қызмет етемін дегенге мемлекет тарапынан бағдарламалар, қолдау көптеп берілуде. Тек соны жақсы жағына пайдалана білу керек. Жасыратыны жоқ, кей жастарымыз көшенің бұзығы атанудан әлі де тыйыла алмай жүр. Топтық төбелеске ілесіп әлден өмірлерін құрдымға кетіруде. Мұндай жасөспірімдерге нағыз жастық шағын ерте бұзбауға кеңес беремін. Оның орнына спортпен айналысып, елдің атын шығарып, менен де жоғары Әлем чемпионы болыңыздар дегім келеді, – деді Сыр елінің барысы өз тілегін жеткізіп.
Спортшының жетістігіне қызыққан оқушылар көкейдегі сауалдарын жолдап, еркін форматта пікір алмасты. Спортта жетістігі бар жастар Қазақстан барысынан қолтаңба алып, естелік суретке түсті.
Ауданға келген Сыр барысын аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы жеке қабылдады. Ел намысын асқақтатып, аудан мерейін үстем етіп жүрген жерлесімізге аудан басшысы ризашылығын білдіріп, сый-сияпатын табыстады. Сонымен қатар спорттағы мансабында әрқашан биіктен көрінуіне тілегін білдірді.
Ерсін ӘЛІБАЙ
07 сәуір 2024 ж. 79 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10301)

07 мамыр 2024 ж.

№35 (10300)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031