» » «ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ» МАҚСАТ ИСАҒАБЫЛОВ АУДАН ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ» МАҚСАТ ИСАҒАБЫЛОВ АУДАН ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ


Бүгін 2022 жылғы «Қазақстан Барысы», 2019 жылғы «Әлем барысы» чемпионатының күміс жүлдегері, қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Исағабылов Мақсат Аманбайұлы ауданымызда болып, №183, №105, №26 мектептеріндегі жастармен кездесті.

Аудан жастары Сыр елінің мақтанышы атанған даңқты балуанды ыстық ықылас пен зор қошеметпен қарсы алды. Тағылымға толы кездесулерге аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы, аудандық мәслихат төрағасы Әділ Үсенұлы және бөлім басшылары, ардагерлер және спортшылар мен жастар қатысты.

Кездесулер барысында Мақсат Аманбайұлы жас өрендерге өмір жолы мен спорттық мансабындағы жеткен жетістіктері және оған жету жолындағы қажырлы еңбегі туралы сөз қозғады. Сондай-ақ, жастарды жігерлендіріп, қай салада болмасын табанды еңбек етіп, биік белестерді бағындыруларына тілектестігін жеткізді. Сонымен қатар, ауданымызда еліміздің көк туын көкке көтерер Азия, Әлем және Олимпиада чемпиондарының шығуына тілек білдірді.

Кездесулер соңында жастар өз сұрақтарын қойып, еркін форматта пікір алмасып, Қазақстан барысының қолтаңбасын алды.

Одан соң, Мақсат Исағабылов аудан әкімі Жандос Еркінбектің қабылдауында болды. Аудан басшысы ел намысын асқақтатып, ауданымыздың мерейін үстем етіп жүрген жерлесімізге зор ризашылығын білдіріп, сый-сияпатын табыстап, спорттық мансабында әрқашан жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектестігін білдірді.

04 сәуір 2024 ж. 401 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 427
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 234

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930