» » Жағдай әлі де күрделі

Жағдай әлі де күрделі

Еліміздің батыс өңірінде су деңгейі шамалы төмен­дегенімен, елдің орталық, солтүстік және шығыс бөлігінде өзен сулары көтеріліп жатқаны байқалады. Әзірге бес облыста су басу қаупі бар. Жергілікті ауқымдағы 20 төтенше жағдай жарияланды. Ал Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан облыс­тарында жағдай әлі де күрделі.
ТЖМ (Төтенше жағдайлар министрлігі) қорғаныс саласымен бірлесіп, аэровизуалды дрон­дар арқылы өзендер мен су қой­маларындағы жағдайға тұрақты бақылау жүргізіп жатыр. Ал кей­бір өңірлердегі өзендерде мұз жару басталды.
«Мұз кептелістерінің алдын алу мақсатында Ақмола об­лысы Це­линоград ауда­нының Преображенка аулы­ маңындағы Нұра өзенінде, Шортанды ауда­нын­дағы Колу­тон өзенінде, Абай облысы Бо­­ро­дулиха ауданының Крас­ный Яр аулы маңын­дағы Уба өзенінде, Қарағанды облы­сы­­ Оса­каров ауданын­ың Ни­колаев аулының маңын­дағы Сабырқожа өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізіліп жатыр», делінген ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Мәліметке сәйкес Абай, Ақ­мола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Ұлытау, Батыс Қазақстан облыстарының елді мекендеріндегі тасқынға тосқын қою, авариялық-құтқа­ру жұмыстары, еріген қар суын бұру, құм салынған қаптар тө­сеу, суағарлардың жағаларын ны­ғайту және жұртшылықты құлақтандыру мен адамдарды қауіпсіз жерлерге эвакуациялау жалғасып жатыр.
«Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Ақмола, Қарағанды облыстарында 55 жеке тұрғын үй және 8 аула аумағы су астында қалған (су тасқыны басталғаннан бері 1 376 үй және 1 319 аула аумағы). 28 үй мен 39 аула аумағынан еріген қар суы сор­ғызылды (су тасқыны бас­талғаннан бері 358 үй мен 988 аула аумағынан су сорғызылды). 1 345 адам, оның ішінде 496 ба­ла құтқарылды (су тасқыны бас­тал­ғаннан бері 17 131 адам, оның ішінде 6 683 бала). Қазірге дейін 5,7 млн текше метрден аса еріген қар суы сорғызылған. 638 мыңнан аса қап және 912 мың тонна инертті мате­риал төселді», дейді ТЖМ ресми өкілі Динара Ғалымжан.
Кейінгі деректер бойынша тез еріген қар суы Ақмола облысы Жарқайың ауданының При­­городное аулындағы 8 жеке тұр­ғын үйді басып қалған. 19 адам, оның ішінде 2 бала және 1 жүкті әйел құтқарылып, тұрғындар туыстарының үйлерін уақытша паналай тұруға мәжбүр. Сондай-ақ ауыл тұрғындарының 34 бас малы қауіпсіз жерлерге жеткізілді.
«Республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар 18 автожолды су шайды. Су шайған 77 автожол, оның ішінде 4 көпір және 73 жол төсемі, су жүрген 93 автожол бақылауда. Жер­гілікті атқарушы органдар халықпен байланыс орнатып, қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорла­рын құрған, 67 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды», дейді Д.Ғалымжан.
Ақтөбе облысында «Терең­сай» бөгетінің суы арнасынан асып, Әйтеке би ауданының Әйке аулындағы 2 же­ке тұрғын үйді су басқан. Әйке ау­лы­нан Жүргенев аулына 297 адам, оның ішінде 79 бала эвакуация­ланды. Ал Ойыл ауданының 5 елді мекеніндегі жеке үйлерді су басуына байланысты Қорғаныс министрлігі әуе кемелері арқылы 85 адам, оның ішінде 27 бала құтқарылған. Бұл аудандарда еріген қар суын бұру мен сорғызу және халыққа көмек көрсету жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
ТЖМ мәліметіне сәйкес Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Ұзынкөл кентін су басу қаупі төніп тұр. Егістіктерден келген мол мөлшердегі қарғын су Ұзынкөл су қоймасын арнасынан асырып барады. Осыған орай Теректі ауданы Подстепное аулының 705 тұрғыны алдын ала эвакуацияланды. Әзірге су қой­масының бөгеттерін күшейту жұмысы қолға алынды.
Авариялық-құтқару жұмыс­тарына ТЖМ, ҚМ, ІІМ, ҰҚК, жергілікті атқа­рушы ор­ган­дардың, ұйымдардың 12 мыңнан аса адам, 2,5 мың техника, 801 су айдау құралы және 105 жүзу құралы, 9 әуе кемесі жұмыл­дырылған. 
egemen.kz
04 сәуір 2024 ж. 260 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031