» » «Жарамазан айтып, жарысайық!» тақырыбында видео байқау

«Жарамазан айтып, жарысайық!» тақырыбында видео байқау

«Сыр медиа» ЖШС-на қарасты аудандық «Қармақшы таңы» газеті Наурыз мерекесіне орай 6-25 жас аралығындағы аудан тұрғындары арасында «Жарамазан айтып, жарысайық!» тақырыбында видео байқау жариялайды.
БАЙҚАУ ЕРЕЖЕСІ
Байқаудың мақсаты: Балалар және жастар шығармашылығына қолдау көрсету; Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту; Жыр жаттауды дағдыға айналдыру; Қазақтың салт-дәстүрін насихаттау.
Қатысушыларға қойылатын талаптар: Байқауға 6-25 жас аралығындағы аудан тұрғындары қатыса алады.
Туындыға қойылатын талаптар: Байқауға ұсынылған видео барынша сапалы болуы тиіс; Видеода қатысушы ұлттық киім киіп, жарамазанды жатқа айтуы шарт; Ұзақтығы 2 минуттан аспағаны жөн.
Тағайындалатын сыйлық бойынша: Жеңімпаздарға 4 орын беріледі. Редакция тарапынан сыйлықтар тағайындалады.
ӨТКІЗІЛУ ТӘРТІБІ
Видеолар осы жылдың 16 наурыз – 26 наурыз аралығында 8-775-238- 09-10 нөмірінде қабылданады. Ұжым тарапынан іріктеуден өткен видео газеттің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланады. Көпшіліктің ықыласына бөленіп, лүпіл жинап, жылы лебіз алған қатысушы жеңімпаз, жүлдегер атанады.
Байқау қорытындысы 2 сәуір күнгі газет нөмірінде және әлеуметтік желідегі парақшада жарияланады.
25 наурыз 2024 ж. 79 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10301)

07 мамыр 2024 ж.

№35 (10300)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031