Мәслихаттар сайлауы
» » Террористер ғимаратта 18 минут болған: Мәскеудегі терактінің хронологиясы жарияланды

Террористер ғимаратта 18 минут болған: Мәскеудегі терактінің хронологиясы жарияланды

Мәскеудегі террорлық әрекеттің хронологиясы жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Shot телеграм арнасына сілтеме жасап.
Телеграм-арнадағы мәлімет бойынша, террористер ғимаратта 18 минут болған. 
  • Сағат 19.55-те "Крокус" ғимаратының алдына "Рено Симбол" тоқтап, ішінен автомат асынған террористер шығып, ғимаратқа қарай жүгіріп, адамдарға оқ жаудырып, күхетшілерді атып тастаған. 
  • 20:03-ке таман террористер концерт залының көрермендер отырған залына кіріп, алдынан шыққан адамдарды атып, креслоларды өртей бастайды. Шабуыл жасаған адамдарда бензин болған. 
  • Террористерден қашып құтылған адамдар терезелерді сындырып, ғимараттан қаша бастаған. 
  • 20:13-те ақ "Рено Симбол" мінген төрт қаскөй "Крокустың" көлік тұрағынан кете бастаған. 
Еске салайық, 23 наурызға қараған түні Ресейлік Telegram-арналар мен БАҚ-та Мәскеуде теракт болғаны туралы ақпарат тарады.  
Соңғы деректер бойынша, кемінде 40 адам қаза тауып, 100 адам зардап шеккен. 
Соңғы мәліметтер бойынша, теракт салдарынан қаза тапқандар саны 82-ге жеткен. 
Тоқаев Мәскеудегі терактіге байланысты Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерімен жиын өткізеді. 
24 наурыз 2024 ж. 528 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№87 (10555)

16 қараша 2026 ж.

№86 (10554)

14 қараша 2026 ж.

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 371
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 503

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30