» » Дамудың ұтымды бағыт-бағдары

Дамудың ұтымды бағыт-бағдары

Озық әрі табысты елге айналу үшін қоғамда қандай құндылық үстемдік құруы керек? Қоғамда адалдық үстемдік құратын болса, жетер жетістік көп болмақ. Мұны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтты. Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында қоғамдағы өзекті мәселелер талқыға түсті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құрылтайда сөйлеген сөзінде халықтың береке-бірлігін сақтау елдігіміз үшін аса маңызды екенін баса айтты. Сондай-ақ елдің тұтастығы зиялы қауымның бірлігінен басталатынына тоқ­талып, ел ағаларының ауызбіршілігі туралы айтып, ұрпаққа өнеге болатын, танымы терең әңгіме айтуы қажет екеніне тоқталды. Әрбір танымал тұлға өз қоғамының мүддесіне сәйкес елге қызмет етуге тиіс деген ойымен бөлісті. Мемлекет басшысы Қазақстанның жеті томнан тұратын жаңа академиялық тарихын жазу жұмыстары жүріп жатқанын және бұл іске 250 ғалым, соның ішінде 60 шетелдік маман жұмылып жұмыс істеп жатқаны жайлы хабарлады.
Құрылтайда отбасы құндылық­тары жөнінде де тағылымды әңгіме қозғалып, отбасы институтының ұстанымдары туралы ойлар ортаға салынды. Өркениетті қоғамда кез келген азаматтың абыройы, құқығы және бас бостандығы баға жетпес құндылық болып саналады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы озық ұлт болу үшін халықты ұлы Абайға салып «бес нәрседен қашық болуға» шақырды. Президент атаған бес кесел – есірткі айналымы, лудомания, зорлық-зомбылық, вандализм мен ысырапшылдық. Міне, қоғамда дендеп тұрған дүниелер осы. Елімізде ойынхана бизнесі қатты дамып кеткен. Көп отбасы осыған кіріп, тіпті зардап шегіп жатыр. Енді мұнымен жүйелі түрде күрес жүргізу маңызды.
Сонымен қатар халықтың тұрмыс са­пасын жақсарту үшін Үкіметке төрт инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыруды да тапсырды. Оның ішіне қалалардағы 55 жылу орталығын толық жөндеп, ұзындығы кемінде 6,5 мың шақырым болатын инженерлік жүйені жаңғырту керек деді. Сосын үй алуға 7 пайыздық жаңа ипотека бағдарламасын ашуды міндеттеді.
Президент ұлттың жаңа келбетін айқындайтын негізгі құндылықтарды да тізіп шықты. Ол – тәуелсіздік және отаншылдық, бірлік және ынтымақ, әділдік және жауапкершілік, заң және тәртіп, еңбекқорлық және кәсіби біліктілік, жасампаздық және жаңашылдық. Осы қосарланған алты құндылық ұлттың жаңа сапасын қалыптастырудың негізгі бағыт-бағдары бола алады деді Мемлекет басшысы. Бұл, тіпті, идеологиялық тұжырымдама іспеттес. Былтырғы Құрылтайда жарияланған «Адал азамат» ұғымымен де үндесіп жатыр.
19 наурыз 2024 ж. 141 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 320

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 415

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930