» » ТРЕНДТЕГІ түстер

ТРЕНДТЕГІ түстер


Фото
Әйел жаны әдемілікке құмар. Жарасымды киінгенді нәзікжандылардың көбі жақсы көреді. Тіпті гардеробта киетін көйлегі көп болса да жаңасын алғысы келіп тұрады. Өз ортасында жарқырап жүргісі-ақ келеді.
Ел арасында «киіміне қарап қарсы алады, сөзіне қарап шығарып салады» деген сөз жиі айтылады. Осыған қарап кей нәрсенің байыбына баруға болады. Біз сүріп отырған қоғамның өзі де осыны талап етіп тұрғандай.
Иә, жарасымды киім – адамның ажары. Қазір сәннің де бірнеше түрі бар. Тіпті көз ілеспейді. Қызығасыз, таңғаласыз. Бір жағы сән әлеміне жетіп үлгермейміз. Өйткені, күніне қаншама жаңа дүниеге жолығып жатамыз. Әлеуметтік желі арқылы көреміз. Бәлкім, заманның талабы да осы шығар.
Рас, қазіргі жастар бәрін «тренд» терминімен өлшейді. Сол арқылы киімнің нарықтағы құны бағаланады. Сәннен хабардар болсын деп биылғы жылдың тренд түсін айта кеткенді жөн көріп отырмыз.
ХХ ғасырда сән әлемі қатты дамыды, бірақ бұрынғы сән үлгісі де қайта оралып, трендке айналып жатады. Сондай-ақ бұл кезеңде адамдар сәнді қуып қоймай, үйлесімді және ыңғайлы киімге де бет бұра бастады, соның өзін сәнге айналдыра білді. Ал енді осы жылы қандай түстер сәнде деген сұраққа оралайық. Биыл қыста ақ пен қара, сұр түс көш бастайды. Сондай-ақ ұзын белдемшемен костюм немесе шалбарлы кең иықты костюм де биылғы жылдың тренді болады. Айтпақшы жалпақ белбеу де келесі жылы сәнге кіреді. Ал жазда ашық түсті сарафан көйлектер сәнге айналады.
Pantone консалтинг компаниясы қалыптасқан дәстүр бойынша 2024 жылдың басты түсін таңдады. Бұл жолы атауы да ерекше «шабдалы мамығы» деп аталатын реңк болды. Pantone нұсқасы бойынша, осы жылдың түсі ретінде таңдалған реңк ішкі тыныштықты, қоғамдастық, бірлік пен әлеуметтік байланыстардың терең қажеттілігін білдіреді. «Шабдалы мамығы» түсі адамдарды денсаулықтың, оның ішінде ментальді денсаулықтың маңыздылығына баса назар аудара отырып, адам тәжірибесінен сабақ алуға шақырады, деп түсіндірді компаниядағылар.
Ұлу жылының тағы бір сәнді киімі – жырығы тым үлкен жемпір, белдемше, кардигандар. Әлемдік дизайнерлер осы жылы Сафари сән үлгісін кеңінен қолданады. Өйткені бұл сән үлгісі аса талғампаздықты білдіреді. Сонымен қатар тізеге дейінгі юбкалар да сәннен қалмайды. Бұл юбкалар әйелдер үшін классикалық таңдау болып қала береді, күнделікті өмірде жайлылық пен ыңғайлылықты қамтамасыз етеді. Тренд әр түрлі маусымға және түрлі стильдерге сәйкес келеді. Мұнан бөлек, сыртқы келбетке құрылым мен талғампаздық қосады.
Әлемдік дизайнерлер биыл да классикалық киімдерден айналып өтпеген. Өйткені жылдың қай маусымында болсын классика кез келген адамды әдемі етіп көрсетеді. Бірақ әркім өзінің талғамы мен талабын ұмытпауы керек, дейді олар. Ең бастысы, сапалы матадан тігілген киімді таңдаңыз.
Америкалық жантану ілімін зерттеушілер киімге қарап кісінің мінез-құлқын, жүріс-тұрысын, сөйлеу әдебін аңғаруға болатынын дәлелдеген. Бұл бүгін ғана пайда болған болжам емес, сонау ғасырлардан белгілі дүние сияқты. Себебі байлар жібек, барқыт маталарынан киім тіктіріп кисе, патшайымдар неше түрлі әшекей тағынған. Содан-ақ қай дәрежедегі адам екені белгілі. Соған сай мінезі де болады. Ал қазіргі таңда жаппай ұқсастық орын алған. Бұрындары қызылды-жасылды дүние тек қыз-келіншектер қауымына жарасатындай көрінетін. Бүгінде ол қағида мүлде басқаша көрініс тапқан. Осыдан-ақ арғы жағын бағамдай беріңіз. Қазақта «Адам көркі – шүберек, ағаш көркі – жапырақ» деп жатады. Бұл рас. Жарасымды киім адамның ішкі, сыртқы жан дүниесіне өз әсерін берері анық. Бірақ, бастысы баға емес, үйлесім тауып жарасып тұрса болғаны.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
10 наурыз 2024 ж. 161 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 371

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 451

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930