» » Ерлер 8 наурызға қалай дайындалады?

Ерлер 8 наурызға қалай дайындалады?

Бір күннен соң көптен күткен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі келеді. Жылына бір келетін мерекеде нәзікжандылардың көктемдей құлпырып, сұлулана түсетіні сөзсіз. Мерекені көптен күтетіндер де осы қызкеліншек. Себебі де айқын. Гүл мен сыйлықты қос-қостан алатын олардың қуанышында шек болмайды. Жалпы әйел заты сыйлықты өте қатты жақсы көреді. Ал оған кететін шығын жағы әрине еркек атаулыға жүктеледі.
Мейрам жақындағаннан-ақ уатсап желісіне жігіттерге әзіл болсын әрі қыздардың ойын білейін деген ниетте «Ал, жігіттер, шығындалуға дайындалайық» деп жазба қалдырдық. Сәлден соң «Маған не сыйлайсың?», «Жеңгеңе сыйлық әкелуді ұмытпа» деген түрлі сарындағы жақындарымның шымшыма әзілдері келе бастады. Осындайда «Әттең-ай, әттең. Бір өзім жалғыз. Бәріңе бірдей, алып берер ем» деп айтқың-ақ келетінін қайтесіз. Қалтаңның салмағы мен жұқа-қалыңдығына да қарап қоясың. Сол бір ұшы көрінетін қаржы ғой.
Жалпы жылына бір келетін 8 наурызда ер азаматтардың айтарлықтай шығындалатыны анық. Өйткені бұл күні қыздардың көңілінен шығатын тауарлардың бағасы да шарықтап шыға келеді. Бәрі анасын, жұбайын, әпкеқарындасын, тіпті жақындарын қуантуға асығады. Одан бөлек мерекеде қыз-келіншектердің құшағын гүлсіз елестету мүмкін емес. Мұндайда гүлдердің көшін раушан бастап, сөрелерде роза, мамыргүл, хризантема, қызғалдақ, тағы басқа гүлдер көздің жауын алардай менмұндалайды. Алайда сырттан әкелінетін хош иісті гүлдер түріне қарай қымбаттай түседі. Дегенмен жігіттер қауымы жақсы көретін жандары үшін құшақ-құшақ гүлді бағасына қарамай сатып алады.
Жақында әлеуметтік желіде бір жігіттің мереке қарсаңында 6 млн теңгеге шығындалғаны көзге ілікті. Ол дәл мереке күні қызына тосын сый жасап, сөз салған. Әлгі жігіт бұған дейінгі мерекелерде, туған күнінде де осынша қаржы кеткенін жасырмады. Ең бастысы, шынайы сезім дейді.
Иә, нәзікжандылардың жылы да шуақты мерекесінде қанша шығындалсақ та жарасады. Әйелдер қауымы қашанда мұндай сый-құрметке, ыстық ықыласқа лайықты. Себебі әйел – ана, әйел – бақыт, әйел – гүл. Ендеше мереке қарсаңында көңілдеріңіз сәнді, өмірлеріңіз мәнді болсын деп тілек білдіреміз.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
Фото
08 наурыз 2024 ж. 277 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 373

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 453

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930