» » ҰСТАЗ. АЯУЛЫ АНА. АСЫЛ ЖАР

ҰСТАЗ. АЯУЛЫ АНА. АСЫЛ ЖАР

Білім бөлімі мен кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен 8 наурыз Аналар мерекесі қарсаңында №28 орта мектеп базасында – «Мен анамын ұрпағын әлдилеген» тақырыбында ұстаз аналар байқауы өткізілді.

Оқушылардың бойында ата-анаға деген ерекше жылы сезім қалыптастыру, ананың бала өміріндегі рөлін түсіндіру, ананы құрметтей, сыйлай білуге тәрбиелеу, мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында өткізілген шараға мектептер бойынша жас ұстаздар қатысып, бақ сынады.

Аталмыш байқауға арнайы ауданның бас ұстазы Абдазиева Гульзира Мажитқызы қатысып, байқауға қатысушы ұстаздарға ұйымдастырылып отырған іс-шараның маңыздылығы аясында алғы сөз білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Байқау барысында аналардың жан-жақты бар өнерлері сарапқа салынып, сарапшылар тарапынан сын сүзгісінен өтті.

Жас та болса аналарымыз барлық сыннан сүрінбей өтіп, өздерінің «Ана» деген ұғымға лайықты екендіктерін танытты. Көрермендер ерекше ризашылықтарын білдіріп, ерекше қолдауларын көрсетті.

Сонымен қатар барлық қатысушы аналар мереке қарсаңында арнайы сый-сияпаттарға ие болды.

05 наурыз 2024 ж. 529 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (10425)

01 тамыз 2025 ж.

№56 (10424)

29 шілде 2025 ж.

№55 (10423)

26 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 162
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031