» » Қар және тұман: Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

Қар және тұман: Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін, 4 наурызда еліміздің 9 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында төмен қарлы боран күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр.
Түркістан облысының батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жауын-шашын, қар, тұман. Шымкентте түннің бірінші жартысында жауын-шашын болады, ал түнде тұман. Сондай-ақ, Түркістанда да 4 наурызда түнде тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде және Оралда түнде және таңертең тұман түседі.
Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында кей уақыттарында, ал Алматыда түнде және таңертең тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қар жауады, боран, көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр. Түнде Петропавлда қарлы боран болады деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр.
Павлодар облысында боран. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр. Павлодарда да боран. Таңертең және түстен кейін батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-18 метр.
Қызылорда облысының орталығы мен оңтүстігінде тұман түседі. Ал Қызылордада кей уақыттарда тұман түседі.
04 наурыз 2024 ж. 333 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930