25 ақпанға арналған жұлдыз жорамал
Бүгін жұлдыз жорамал бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Жұлдыз жорамалға сүйене отырып, өзіңіздің жұмыс жоспарыңызды тиімді құрып, жеке қарым-қатынасыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.
Махаббат жұлдызнамасы
Тоқты
Сезім, қарым-қатынас, идеялар мен арманыңыздағы жарқын оқиғаларға дайын болыңыз. Сәттілік пен сыйлық келуі бек мүмкін.
Торпақ
Бүгін жаңа романтикалық қарым-қатынас орнату үшін қолайлы күн: алдыңызда жаңа таныстық пен бұрынғы жақын адамыңыздың арасында таңдау болады.
Егіздер
Отбасыңыз бен жақындарыңыз үшін дұға етіңіз. Сүйіктіңіз қиын кезеңді бастан өткеруде: оның өміріндегі қиындықтар өзін бақытты сезінуіне кедергі жасайды. Оған шектеулерді бұзуға және ішкі тепе-теңдікті табуға мүмкіндік беріңіз.
Шаян
Қарым-қатынасыңыз жақсара түседі. Кейбір мәселені шешуге мүмкіндік болады: мысалы, қарым-қатынасыңызды жаңа деңгейге жеткіңіз.
Таразы
Сүйіктіңізбен қарым-қатынаста өзара түсіністік маңызды болады.
Сарышаян
Бүгін жаңа таныстықтың арқасында жаңа эмоцияларға кенелесіз. Қарым-қатынасқта эмоцияға берілуден сақ болыңыз.
Мерген
Ғашықтар арасындағы қарым-қатынас тереңдеп, нығая бастайды, махаббаты нәзік болады.
Тауешкі
Бүгін сіз қарым-қатынасқа сенбеуіңіз керек. Қандай себеп екені маңызды емес – қарым-қатынас жасауға дайындығыңыз жоқ немесе ол сіздің адамыңыз емес шығар. Бірақ айналаңызда жүрген адамдар туралы біліп жүріңіз. Жаныңызда жүрген адамдарға мұқият қараңыз. Сіз әлі өзіңіздің махаббатыңызды кездестірген жоқсыз, бірақ сіз оны міндетті түрде табасыз.
Суқұйғыш
Егер қайтадан ғашық болғыңыз келсе, бірінші болып қадам жасаңыз – өмірлік жар іздеу сайттарында көп ақпарат бар.
Балықтар
Бүгін көптен жоспарланған сапарға шығуға немесе өмірлік жарыңызды іздеуді бастау үшін тамаша күн. Жоспар бойынша шығармашылықпен айналысыңыз, күніңізді қызықты жерлерде өткізіңіз.
Отбасы жұлдызнамасы
Тоқты
Отбасылық қиындықты талқыламауға тырысыңыз: одан сіздің көңіл-күйіңіз түсіп қана қоймай, басқарлар да дұрыс түсінбей қалуы мүмкін.
Торпақ
Егер отбасында жанжал болса, оны шешуде бастамашы болыңыз, сол ісіңіз нәтижелі болады.
Егіздер
Егер әулетіңізде қиын өмірлік жағдайға тап болған туысыңыз болса, оларға көмектесіңіз. Сенімділігін арттыруға септігіңізді тигізіңіз.
Шаян
Бүгін жақсы ата-ана деген атқа лайық болыңыз. Отбасыңызға қамқорлық жасаңыз және көңіл бөліңіз, шыдамды болыңыз.
Арыстан
Жақын туысыңыздың туған күніне барып, шынайы тілек айтуға уақыт бөліңіз және оларға қолдау көрсетіңіз. Бүгін мерейтойға бару үшін тамаша күн.
Бикеш
Отбасыңызда эмоциялық жылулық жетіспеуі мүмкін. Бүгін оны жақын адамдарыңызға беруге тырысыңыз, олардың көңіл-күйін көтеріп, бірге уақыт өткізіңіз.
Таразы
Жақын адамдарыңызға дағдарысты жеңуге және қиын жағдайдан шығудың жолын табуға көмектесе аласыз. Ол үшін түсіністік танытып, бар күш-жігеріңізді салыңыз.
Сарышаян
Отбасы мүшелерін, әсіресе аналар мен әжелерді тыңдаңыз: бұл адамдар отбасыңыздың берекесін арттыруға көмектеседі.
Мерген
Ата-аналар балаларына мұқият және қамқор болғаны маңызды. Оларға артық қысым жасамай, күнделікті мәселелерді шешуге көмектесу қажет. Оларға тәуелсіз шешім қабылдауға мүмкіндік беріңіз.
Тауешкі
Егер отбасыңызда біреу ашуланып, сізбен ұрысып қалса, татуласуға қадамды бірінші болып жасаңыз. Сіз дайын болсаңыз олар да татуласудан бас тартпайды.
Суқұйғыш
Отбасылық келісім маңызды. Жанжалсыз келісімге келуге тырысыңыз. Орта жолды табыңыз.
Балықтар
Бұл күн отбасылық қарым-қатынас үшін қолайлы: бұл күні жақын адамдарыңыздың назар аударуға тұрарлық қажеттіліктері мен мүдделері бар екенін есте ұстаған жөн.
Ақпарат көзі: kaz.nur.kz