» » Бүгінгі жұлдыз жорамал: 14 ақпан күні сізді не күтіп тұр?

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 14 ақпан күні сізді не күтіп тұр?

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.
Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Егер сізге үйде немесе жаттығу залында жаттығуды бастау үшін белгі қажет болса – міне. Адамдармен тіл табысу тұрғысынан сәттілік күтіп тұр. Пайдалы ақпарат қолыңызға түседі, болашақта кәдеге жарар жаңа дағдыны үйренесіз. Қиялға ерік беріңіз және армандаудан қорықпаңыз. Түстен кейін бұрынғы тірліктеріңізді жалғастырсаңыз болады.
Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Пайдалы байланыстарды орнатуға тырысыңыз. Жаңа таныстар сіздің бастамаңызды қолдап, қызықты мәселелерді шешуге көмектеседі. Спортты өміріңізге енгізуге қолайлы күн: жай ғана жаттығулар жасап көріңіз, бұл жағымды эмоциялар сыйлайды.
Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Егер сіз толық емес жұмыс күні бар жаңа қызмет іздеп жүрген болсаңыз – бүгін сіз қызықты ұсыныс таба аласыз. Жұмыс үстеліңізді ретке келтіріңіз, сонда жұмыс істеп жатқаныңызда сізді ештеңе алаңдатпайды және өнімдірек жұмыс істейтін боласыз.
Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін жақындарыңыздың бірі сізді ренжітіп, өзінің үйдегі міндетін атқарудан бас тартуы мүмкін. Әлбетте, ол жақын адамыңыз болғандықтан сабырлық танытып, барынша ұстамды болуға тырысыңыз. Проблемаларды шешу үшін қолайлы күн. Адамдармен көбірек араласыңыз. Осы арқылы ортақ жоспарлар құра аласыз.Түсініспеушіліктерді болдырмау үшін сабырлық танытыңыз.
Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Достарыңыздан хабар күтпей-ақ, өзіңіз оларға хабаласыңыз. Бұл достығыңызды берік етеді. Ұсақ-түйекке алаңдамаңыз, барлық мәселені тез шешіңіз. Кешке таусылмас ойлар мен істер ағынынан үзіліс жасап, демалыңыз.
Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Ұзақ уақыт көрмеген достарыңызға қоңырау шалыңыз: сіз әрдайым олардың есіндесіз және олар сізді сағынып жүр. Соңғы уақытта достарыңыз сізбен кездеспей кеткен болса, уайымдамаңыз: олар сізді жақсы көреді және бағалайды, олар қазір қиын кезеңді бастан өткеруде, сабырлы болыңыз.
Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Жұмыстағы жетістіктеріңізді үнемі еске түсіріп тұруды ұмытпаңыз, бұл өзіңізді бағалай білуге оң әсер етеді Киім салынған сөрені бір сүзгіден өткізіңіз: керек емес киімдерден босатып, оларды секонд-хендке өткізіңіз. Сіз өзіңізге қай зат расымен қымбат екенін, ал қай зат жай орын алып тұрғанын түсінетін боласыз.
Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Жақын араласқысы келетін адамдарға және сізді үнемі мақтайтындарға сенбеңіз. Есіңізде болсын, жаңа деген жақсы деген сөз емес. Жеке қарым-қатынасқа келгенде, түйсігіңізге сүйеніңіз. Екінші жартыңызға агрессия көрсетпеу керек.
Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Балаларыңызға оларды үлгерімі мен тәртібі үшін емес, еш себепсіз жақсы көретініңізді ұдайы есіне салып отырыңыз.Олар сіз үшін қашан да ең үздік бала болып қалатыны рас қой. Еш уақытта жасөспірім балаңыздың компьютерін немесе телефонын ақтармаңыз. Ол үшін қатты уайымдап тұрсаңыз да олай жасамаңыз. Олар бұл әрекетіңізді байқап қойса, сізге сенбейтін болады.
Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Күн тосын сыйларға толы болмақ. Олардың барлығы жағымды емес, бірақ сіз ең қиын сәттерді оңай жеңе аласыз, кез келген жағдайдан шығудың жолын табасыз. Ұйқыңызды қандырыңыз, ванна қабылдаңыз, табиғатта таңғы ас ішіңіз, тынығып, серуендеңіз.
Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Күн тәртібін қайта қарастырыңыз: ұйқыңыз жеткіліксіз болуы мүмкін, бұл сіздің ағзаңызға теріс әсер етеді. Жақындарыңызбен жанжалдаспауға тырысыңыз. Жағымсыз салдары болуы ғажап емес.
Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Бүгін сіз достарыңыздың бірінен сын естуіңіз мүмкін, бірақ оған қатты мән бермеуге тырысыңыз: олардың ешқайсысы сізді ренжіткісі келмейді, олар сізге шындықты осылай жеткізуге тырысады. Сізге шынайы көңіл бөлетін адамдармен көбірек сөйлесіңіз, байланыс орнатып, қарым-қатынасыңызды нығайтыңыз.
Дереккөз: НҰР.КЗ
14 ақпан 2023 ж. 512 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 168

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 144

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 295

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930